Жексенбі, 25 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Тарих айнасы

Бұқар жырау тамсанған Бағай батырға мектеп атын берейік

25 Мамыр, 2023
Бұқар жырау тамсанған Бағай батырға  мектеп атын берейік
4
БӨЛІСУ
55
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Өткен дәуірлердегі Қазақ-жоңғар соғысында сауытын киіп, бесқаруын асынған бабаларымыз елдің шеті, жаудың өтінде қасқайып тұрды, барша жұрт ата жауға жұмылған жұдырықтай ұйымдасып қарсы шапты, жасанып келген басқыншы жауды түре қуып, туған жерді жанкештілікпен қорғап, жау табанынан азат етті. Сол бір қазақ тарихының азалы заманы болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада», одан кейінгі жылдардағы өлкемізді жоңғарлардан азат етуде қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан батыр бабаларымыздың әруағына қандай құрмет көрсетсек де жарасымды.

Олардың есімдері, жанкешті ерліктері, асқақ рухтары кейінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге. Біздер ұлтымыздың осындай арда ұлдарын ұлықтап үлгі тұту арқылы жас ұрпақты елін, жерін сүюге баулимыз. Олардың өнегелі өмірін насихаттай отырып ұлтжанды нағыз патриоттарды тәрбиелеріміз хақ.

Міне, осындай елім деген ерлердің ішіндегі бірегейі Суан тайпасының Елшібегінен тарайтын Бағай батыр. Шамамен 1703 жылы өмірге келіп, 1733 жылдары қаза тапқан. Қалмақтармен болған шапқыншылықтарды бала күнінен басынан өткеріп, ержете келе Жетісу өлкесінде болған ірі-ірі қанды шайқастарға да қатысып ерен ерліктер жасаған. Алапат күш иесі болумен қатар ержүрек батырлығы ел ішіне аңыз болып таралған дара тұлға.

Сол бір қазақ-жоңғар соғысы туралы көне жырлар мен жазба-кітаптарда есімі аталып қазіргі таңда бізге де жетіп отыр. Жалындаған жас ғұмырын ел-жұртының азаттығы жолына арнаған жаужүрек жанның бойында әрине адами парасаттылық пен салт-дәстүрге деген құрметі, кісілігі де зор болғанын байқаймыз.

Мысалы, Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында мынадай жолдар бар: «…Іле құйғанындағы соғыста: «Осы Мұқырға мен шығайын!» -деп Наурызбайға көп жалынған еді, оны бас батыр жібермеген болатын. Оны неге жібермегенін сұрағанымда, Наурызбай «Ол оған тым ызалы ашумен барып өліп қалар» дедім деген. Міне, сол ашулы Бағай бүткіл Суан үшін Мұқырды өлтіріп кегін қайтарды» делінген.

Біз бұдан Суан тайпасына қорлық пен зорлықтың небір түрін көрсеткен Мұқыры атты жауызға деген ыза мен кек тұла бойын қанша кернеп тұрса да ата дәстүрді ұстанып ағасы Наурызбайға қарсы келмеген Бағай батырдың тектілігін байқаймыз. Яғни, қасындағы қаруластары сөзсіз мойындаған бойындағы бұла күш пен көзсіз ержүрек батырлығы болса да ашуды ақылға жеңдіре білетіндігі оның бойындағы кісілік қасиеттің жоғары екендігін айқындап тұр. Бағайдың алып күш иесі болғандығын Көмекей әулие атанған әйгілі Бұқар жырау кезінде былай деп жырлаған еді:

Достан жауды айырған,

Тағыны таңнан қайырған.

Қасқары ұлы Модабай,

Қара күші мол Бағай,

Бәрің батыр, бәрің бек,

Тұрсың-ау ығай мен сығай.

Бағайым аз Суаннан,

Ат жалын тартып мінгенде

Барлық елі қуанған.

Иә, тәуелсіздіктен бергі жылдар аралығында білімді, ұлт тарихына жанашырлықпен қарайтын ел азаматтарының үздіксіз еңбегінің арқасында Патшалық Ресей, одан бергі Кеңестік империялардың жүргізген отарлық, жауыздық саясатының кесірінен қасақана бұрмаланып, жойылған тарихи, рухани құндылықтарымыз республикалық, халықаралық деңгейде қайта қалпына келтірілуде. Демек, ата тарихымыздың жоғалғаны табылып, өшкені қайта жануда десек еш қателеспейміз.

Осынау игі іс-шаралардың аясында біздің аудан көлемінде де көптеген жұмыстар жүргізілді. Жетісуға әйгілі батырлар, би-шешендеріміз, өнер, тағы басқа саладағы дарынды тұлғаларымыз бен есімдері ел жадында аңыз болған дараларымыздың есім-сойлары ұлықталуда екен. Мәселен, өзіміз әңгіме етіп отырған Бағай батыр Елшібекұлы туралы «Ел ішіндегі беделді азматтардың кірісуімен 2001 жылы, Қырыққұдық ауылындағы көшенің бірі тағыны таңнан айырған Бағай батырдың есімімен аталды. 2003 жылы Суан ішіндегі Елшібек пен Бағай батырдың ұрпақтары Қояндытау бөктеріндегі Шежін ауылында жиылып бас қосып, биік белдің бауырына бабалары Елшібекке үлкен ескерткіш, баласы Бағайға мүсін тасын орнатты. Есімі ескірмейтін, халқы қадірлей білген Бағай батырдың ерлік жолы туралы жергілікті ақын-жазушы, журналистер, сол сияқты жалпы жұршылық атсалысып баспасөз бетінде мақалалар жарияланып, өлеңдер арналды. Жазушы, ақын Ислам-Ғали Үркімбайұлы 2012 жылы «Бағай батыр» дастанын жариялады», – деп жазады белгілі қаламгер М.Солтанаев өзінің «Тағдырлы тарихымның түпқазығы» атты кітабында.

Сөзімді қорыта келе, ағайын, сіздерге айтар ұсынысым жоғарыда аталған Қырыққұдық ауылындағы орта мектепке Бағай батыр Елшібекұлының есімі берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл біршама жылдардан бері ауыл ақсақалдары мен көпшіліктің көкейінде жүрген келелі мәселе. Ауылымыздағы осынау оқу ордасына батыр баба есімі берілсе, ондағы білім алушы шәкірттер мен мектеп ұжымына да Бағай батыр әруағы алдында зор мақтаныш болар еді. Және де аудан тұрғындары да аталмыш бастаманы қолдайды деген бек сенімдемін.

Қ. ЫБРАЙЫМЖАНОВ,

АӘД және дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Қырыққұдық ауылы.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Тың бастамалар қолдау көреді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖЕТІСУ ӨҢІРІ МЕН ІЛЕ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТА ТҮСПЕК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
664
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.