Ардақты ағайын! Республика күні құтты болсын! Бұл күннің баршамыз үшін бағасы өте биік. Өйткені, дәл осы датада тұңғыш рет егемендігіміз туралы декларация қабылданып, тәуелсіздігіміздің негізі қаланды.
Осыдан 34 жыл бұрын, 25-қазанда әлем картасында «Қазақстан» атты жаңа мемлекет таңбаланды. Бұл күннің біз үшін аса қымбаттығы да, өте қастерлі екендігі де сондықтан. Ең басты ұлттық мерекеміз берекемізді арттыра берсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Құрметпен, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Панфилов аудандық ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов.