Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
Бала деген бір бақыт
52
БӨЛІСУ
653
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бала – ол адамзат ұрпағының жалғасы, болашағынан күтер үміті мен көрер қызығы. Бала – өмірдің гүлі, ата-ананың жанына шуақ сыйлайтын көз қуанышы. Ол – келешектің жалғасы, болашақтың бастауы. Балаларсыз бұл дүниенің сәні бар ма, сірә..? Әрине жоқ! Жер бетінде балалық балдәурен шақты басынан өткермеген бірде-бір адам баласы жоқ шығар. Адамзат тарихындағы ұлы тұлғалар да, даналар да, ғалымдар да, бай-патша, діндарлар да, батырлар мен ақындар да, әнші-жыршы, күйшілер де балалық атты әлемнің бал-шырынын татып, балшығында армансыз аунаған.

Халқымыздың ғасырлардан бергі даналығын еске алып, өткенге ой жүгіртсек «Адамның бақыты балада» деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Адам баласын жүзінен нұр тайып, қартайған шағында нағыз бақытты, тәрбиелі ұрпағы ғана басына көтеріп, құрметпен қастерлеп, қадіріне жетіп, ерекше ілтипатпен сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген аталы сөз де ел аузында тегіннен-тегін айтылмаса керек-ті.

Жалпы сәбиді, баланы күнәсіз періштеге балап жатады дана халқымыз. Шынында да жүрегі әппақ, көңілі ашық, бәрін «шын» деп қабылдайтын балаларымыз періште емей немене? «Жас баладай ақкөңіл екен», «Баладай уайымсыз, қайғысыз болыңдар…» деген, тағы басқа ізгі сөздер мен жүректен шыққан ақжарма тілектер де халық арасында жиі айтылады.

Бала өмірдің жалғасы болғандықтан, халқымыз бала тәрбиесіне баса назар аударып, өзіндегі бар асыл сөз, даналық ойларын балаға арнап, ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін балаларының бойына сіңіруге тырысқан. Халқымыздың данышпан ұлы Абай бабамыз: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан жұғады» деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен.

Ал, бүгінгі таңда бүкіл адам баласының алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, дендерінің сау болуы, болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиенің берілуі кез келген азаматтың міндетіне айналуы керек. Осы тұрғыда отбасының атқарар міндеті ұлан-ғайыр. Ол туралы данышпан бабаларымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Жақсы отбасында тәрбие мен білім алған бала келешекте елінің, жерінің қамын ойлап, Отанына жан-тәнімен қызмет ететін бірегей тұлға болып қалыптасады. Елімен бірге қуанып, елімен бірге қабырғасы қайыса қайғыратын нар тұлғалар барда, төл мемлекетіміздің де болашағы зор болмақ.

Отбасы үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ордасына айналған кезде, бала сол отбасының бақытына айналады. Сол бақытымызды бағалап, жас ұрпақтың келешегін берекелі, мерекелі етуге бәріміз бір кісідей жұмыла атсалысайық. Сүйіспеншілік пен қамқорлықта өскен балаларымыз келешекте тұғыры биік еліміздің көк туын желбіретіп, атақ-даңқын бар әлемге асқақтатары түсері сөзсіз.

 Гүлбақыт ИБРАИМОВА

Алдыңғы мақала

Алты тіл білетін Ақтоты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақтың соғыс өнері қандай болған?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
653
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.