Сейсенбі, 3 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Баланың бақытты мекені – отбасы

30 Қыркүйек, 2024
Баланың бақытты мекені – отбасы
2
БӨЛІСУ
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

2024 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу.

Дөңгелек үстелге Талдықорған қаласының әкімдігінің мүдделі тұлғалары (білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, әлеуметтік жұмыспен қамту), Қамқоршылық және қорғаншылық органдары, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің өкілдері қатысты.

2016 жылдан бері Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1945 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылды. Олардың 244-і Реабилитация жобасындағы диагнозы бар балалар және ол отбасыларға атаулы материалдық көмек, балалардың денсаулығын қалпына келтіру және оңалту түрінде қолдау көрсетілуде.

Алайда 4200-ге жуық бала әлі де ата-анасын интернаттық мекемелерде күтуде. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер, ағайындылар және диагнозы бар балалар. Бұл мәселенің шешімі біздің елімізде үздік әлемдік тәжірибені – Кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізу болуы мүмкін.

Жаңа еңгізілімді талқылау кезінде Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы – Сембекова Асельде «Қабылдаушы ата-аналар мектебін бітірген отбасылар кәсіби қабылдаушы ата-ана бола алады ма?» деген сұрақ туындады. Қойылған сауалға жобаның басшысы, Рахметова Фарида: «Кәсіби қабылдаушы ата-аналардың оқуы мен алатын сертификаттары өзгеше болады. Бірақ асырап алынған бала 18-ге толып кеткен болса, әрине, кәсіби қабылдаушы отбасы болуға ниет білдіре алады» деп жауап берді.

Кездесу барысында: «Балалар мәселесі мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үнемі назарында. Баланың құқығы мен қауіпсіздігіне, бала өміріне қатысты заңбұзылушылықтарға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта «Ана Үйі» Қоғамдық қорымен бірлесе, атсалыса жұмыс жасап жатырмыз. Қала әкімдігі атынан Ұлттық бала асырап алу агеннтігіне табыс тілейміз. Қолымыздан келгенше заң аясында әрдайым қолдауға дайынбыз. Балаларымыз бақытты болса, еліміздің болашағы да жарқын болады» деп, Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары, Андабеков Жеңіс, Қордың жұмысын қолдады.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.

Анықтама: Қазақстандық бизнесмендердің жобасы болып табылатын «Ана Үйі» ҚҚ 11 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Ұлттық бала асырап алу агенттігінің миссиясы – қазақстандық қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту, қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және кәсіби даярлау. Қазақстанның 20 қаласында балалар үйлері мен сәби үйлерінен балаларды өз отбасыларына қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) мамандар кеңес беретін консультациялық кабинеттер жұмыс істейді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде әлеуетті асырап алушыларды дайындайды. Бүгінгі таңда Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1302 қазақстандық отбасына 1945 бала орналастырылды. Барлығы 18004 азаматқа кеңес берілді, олардың 5932-сі Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтті.

Алдыңғы мақала

28 қыркүйек – Қазақстанда атом саласы қызметкерлерінің күні

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
705
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.