Жұма, 27 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Басқару академиясы ашылды

24 Маусым, 2025
Басқару академиясы ашылды
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті.
Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті.

Соңғы жылдары ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресті күшейту бағытында нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, киберқауіптерге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған бөлімшелер ашылды, цифрлы инфрақұрылым мен талдамалық база нығайтылып жатыр.

«Академияның құрылуы – Мемлекет басшысы жариялаған құқық қорғау жүйесінің даму жолындағы елеулі кезең. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу. Институционалдық реформалар құқық қорғау органдарының сервистік моделін дамытуға ықпалын тигізеді. Президент ұсынған басым бағыт – азаматтардың қауіпсіздігі және “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша іске қосылған құқық қорғау органдарын қайта жаңғырту – стратегиялық ойлай алатын басқарушылар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялық новацияларды енгізу құралдарын кеңейтіп, жаһандық цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу жағдайында көшбасшылық пен бәсекеге қабілетті жұмыстың заманауи тәсілдерін меңгеруге жол ашады.

Академияның ашылуы барысында Олжас Бектенов сонымен қатар оқу орны инфрақұрылымымен, және құқық қорғау органдары қолданатын заманауи технологиялармен, атап айтқанда цифрлы зертхана, цифрлы шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллекті көмегімен талдау, кіріктірілген радар орнатылған патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, «ақылды көзілдірік» және басқа да озық технологиялармен танысты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Премьер-министрге ведомствоаралық жоғары академиялық курс тыңдаушыларын сынақтан өткізу нәтижелерін көрсетті.

Академия бағдарламасы басқару құзіреттілігіні дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша 100-ден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады. Бүгінде Академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.

ІІМ Басқару академиясының ашылуына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы Сот Кеңесі, министрліктер, әкімдіктер басшылығы, Парламент депутаттары, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ІІМ жүйесіндегі ЖОО басшылығы мен оқытушылары, салалық ведомстволардың шетелдік делегациялары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты.

Алдыңғы мақала

Есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В вирустық гепатиті: симптомдар, емдеу, алдын алу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.