Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Батыл барлаушы

2 Мамыр, 2025
Батыл барлаушы
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Адамзатты қасіретке қалдырған Екінші  дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 80 жыл. Майдан даласында есепсіз боздақты жер жастандырған сұм соғысқа 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Солардың бірі – Қаратал ауданы, Үштөбе стансысының тұрғыны Белтай Оражанов әскерге алынған кезде 32 жаста болатын. 

Үштөбе ет комбинатында жұмыс істеген тәжірибелі қасапшы соғыстан бір жылға броньмен қалған еді. Себебі майданға аттанған жауынгерлерге ет өнімдері қажет. Бір жылдан кейін, 1942 жылы мамыр айында Украинаның Харьков қаласына жеткен Белтай Оражанов алдымен орманда оқу-жаттығу әдістерін үйреніп, нысана көздеуді, гранатаны дұрыс лақтыруды, траншея қазуды, автомат, винтовка, пулемет сынды қару-жарақ атуды үйреніп шығады.

Өзін тек жақсы, тәртіпті жағынан көрсетіп, ұрыс тәсілін тез үйренген Белтай Оражанов тактикалық сабақтарда командирлердің тапсырмасын орындап көзге түседі. Сөйтіп, кіші командирлерді даярлау бойынша қысқамерзімдік курсқа жіберіледі. Бір айлық курсты үздік аяқтаған ол сержант атағын алып шығады. Осылайша қатардағы қарапайым сарбаз Оражанов қанқұйлы соғысқа кіріп кете барды.

Күн санап майдан даласын басып өткен Кеңес әскері алға қарай жылжи берді. Украинадан өтіп, Беларусь жеріне келген Белтай Оражанов барлау бөлімшесінің командирі болып тағайындалды. Бірде әскери басшылық қасына екі сарбаз ертіп, «тіл» жеткізу үшін жау шебіне жіберді. Бұқпантайлап, жасырынып еңбектей жүріп, жау шебіне жеткен сарбаздар берілген тапсырманы абыроймен орындап, 1 ефрейторды штабқа жеткізеді. Әлгі неміс әскери құнды мәліметтер беріп, өз өмірін бәйгеге тіккен барлаушылардың еңбегін асқақтатты. Осыдан соң көзсіз ерлігі үшін сержант Белтай Оражанов Қызыл Жұлдыз орденімен, қасындағы сарбаздар медальмен марапатталады.

Украина, Беларусь, Литва, Польша жерлеріндегі шайқастарға қатысқан Белтайдың бөлімшесін әскери басшылық тағы бірде алғы шепті барлауға жібереді. Барлаушыларды сезіп қалған немістер пулемет пен минометтен оқ жаудырып, шабуылдай жөнеледі. Минаның жарықшағынан жарақат алған бір сарбазы қайтыс болып, екінші серігі жамбасынан ауыр жараланады. Есінен танып қалған сарбазды шапан-шатырына (плащ-палатка) жатқызып, еңбектеп сүйреп алып жүрген сержант Оражанов көп қиындық көреді. Түн қараңғылығында жау қуғыншыларынан еңбектеп бой тасалаған барлаушы жараланған сарбаз оянып кетіп: «Мама, мама!» деп айғайлай бастағанда әбден абдырайды. Немістер естіп қоймасын деп серігінің аузын алақанымен жабуға мәжбүр болды. Кеңес әскері орналасқан жерге жақын қалды-ау дегенде орнынан тұрып, серігін арқалап алады. Жараланған сарбаздың өмірін сақтап, қамқорлық көрсеткені үшін Белтай Оражанов екінші Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.

1945 жылы сәуірде Кеңес әскері Германия астанасы Берлинге жақындағанда жау қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш алған қызыл әскер жаудың шебін бұзып, Гитлердің ордасы – Рейхстагқа жақындай түсті. Сәуір айының соңына қарай Берлинді қоршауға қатысқан Белтай Оражановтың полкі шұғыл түрде Чехословакия астанасы Прага қаласына жіберіледі. Өйткені  шегініп  бара жатқан неміс әскері Прага қаласын қиратып, бассыздық жасаған. 1-ші Украина майданында ерлік көрсеткен генерал Павел Рыбалко басқарған 3 гвардиялық танк армиясының құрамындағы 69-шы механикалық полк қысқа уақыттың ішінде, яғни  1945 жылы  9 мамырда Прага қаласына кіреді. Бұл шақта немістер шегініп, қашады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Прага қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысқан сержант Белтай Оражановқа 1-ші Украина майданының қолбасшысы Кеңес Одағының маршалы Иван Коневтің қолы қойылған Грамота беріледі. 1945 жылы желтоқсан айында Австрия астанасы Венада әскер қатарынан босатылған Белтай Оражанов елге оралады.

Үштөбеде өзі еңбектенген ет комбинатындағы жұмысына бригадир ретінде кірісіп, ауыр еңбекке араласады. Кейін сою цехының шебері болып ауысады. Көптеген жасты қасапшылыққа үйретіп, адал еңбек жолында үлгі көрсеткені үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Белтай Оражанұлы зайыбы Дәмеш апамен бірге 5 ұл тәрбиелеп, өсірді. Балаларының үшеуі тірі. Үлкені Амангелді тыл және еңбек ардагері, 88 жаста. Екінші ұлы Болат зейнеткер, еңбегі сіңген қызметкер, 78 жаста. Кіші ұлы Мұрат толыстағы авиация полковнигі, 75 жаста, Мәскеуде тұрады. Ұлдары мен немерелері Ұлы Жеңіс мерекесі – 9-шы мамыр күнін қуана қарсы алып, ата-анасынан ерте айырылып, елдің малын бағып күн көрген Белтай Оражановты мақтанышпен еске алады.

1931-1933 жылдардағы аштық кезінде салынған Үштөбедегі ет комбинатының құрылысына қатысып, аштықтан тірі қалған Белтай Оражанұлының туғанына биыл 115 жыл.

Өмір бір орында тұрмайды, алға жылжиды. Жер бетінде әрқашанда бейбітшілік пен тыныштық орнасын. Бүкіл әлем халқы соғыс деген нәрсені көрмесе, білмесе екен.

М. Әсетұлы

Алдыңғы мақала

80 шақырымдық марафон

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу өңіріндегі жаңартылған «109 қызметі» қалай жұмыс істейді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
654
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.