Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге келіп, таңдау жасады.
— Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Мен осы сайлауда Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, бұл менің — конституциялық құқығым. Еліміздің болашағына сенемін, — деді Б.Исабаев.
Жалпы Жетісу облысы бойынша 447 сайлау учаскесінде 445 мың сайлаушы дауыс береді. Бүгін, 20 қарашада өңірдегі барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.