Жұма, 13 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев: Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

25 Қыркүйек, 2024
Бейбіт Исабаев: Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынды
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды, атап айтқанда петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғау керектігін атап өтті. Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдадық.  Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Тиісті сот шешімі бар. Яғни, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің де мәнісі табылады. Енді «Тасбақа» тасты бірінші кезекте жергілікті, одан кейін облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу үшін жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы уақытта біз қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген бұл бірегей нысанды одан әрі дамытып, қалай сақтау керектігін жоспарлаймыз, – деді облыс әкімі Б. Исабаев.

Аймақ басшысы 3 қазанда Қызылтас жотасының бойында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экоакция өтетін айтты. Сонымен қатар, барша қала тұрғындарын «Тасбақа» тасты сақтау үшін маңызды шараға қатысуға шақырды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

АЭС тарихы тереңде…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.