Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде отандық БАҚ өкілдерінің және журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері, магистрант, докторанттарының қатысуымен «Болашақтың метағаламы – Қазақстанның ақпараттық жаңғыру моделі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Жарыссөз барысында, профессор Намазалы Омашев жас журналистерді аға буынмен салыстырғанда, мамандыққа креативті және прогрессивті көзқараспен қарайтынын, болашақта жас ұрпаққа этикалық тәрбие беру қажеттілігі туралы айтты.
«Егемен Қазақстан» газеті Алмат филиалы тілшілер қосынының жетекшісі Жүсіпбек Қорғасбек БАҚ саласындағы роботтандыру мәселелеріне тоқталып, жастардың медиасауаттылығын дамытудың маңыздылығына тоқталды.
«Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген Қазақстандағы цифрлық медианың дамуы туралы кеңінен тоқталып, бүгінгі таңда бұл ақпарат құралдарының барлық түрлері үшін дамудың ең маңызды бағыты болып табылады деп сөзін түйіндеді.