Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

«Бруцеллез ауруы жайында не білесіз?

18 Желтоқсан, 2025
«Бруцеллез ауруы жайында не білесіз?
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бруцеллез – адамдар мен жануарларға ортақ, аса қауіпті ауру. Денсаулыққа  үлкен зиян келтіріп, белсіздікке, тірек – қимыл аппаратының зақымдануы мен мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады.

Бруцеллездің белгілері: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, ашушаңдық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту,  бауыр және көкбауырдың үлкеюуі.

Бруцеллездың негізгі жұқпа көздері – ауыр шаруашылық малдар, яғни ҰММ (қой, ешкі) ІҚМ (сиыр,түйе)  шошқа, бұғы және иттер. Бруцеллезбен науқастанған адам жұқпалы емес, яғни ауру адамнан сау адамға ауру берілмейді.

Бруцеллез ауру қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде 3-4 ай, суда 5 ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде одан да ұзақ сақталады. Ауру малдың қиында немесе мал зәрімен ластанған сабан-шөпте ауру микробы қыс бойы сақталады.

Бруцеллездің жұғы жолдары:

Қарым-қатынас арқылы да ауру жұқтыруы мүмкін, көбінесе ауру малды күту кезінде жеке бас гигиена ережелерін сақтамағанда, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, мал төлдетуде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда,  туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде.

Алиментарлы жолмен – ауру малдың сүті мен сүт өнімдерін  жеткіліксіз термиялық өндеуден өткен немесе шикі ет өнімдерін тағамға пайдаланғанда жұқтырады.

«2025 жылдың 10 айында облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығының 59 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 9,0 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 14 жағдайға төмендеген  (73-тен 59-ға дейін), 7 бала, 3 жасөспірім науқастанған.  Топтап ауру жағдайлары тіркелген жоқ.   Науқастанғандардың 68,7% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 45  елді-мекенінде тіркелді. Адамдардың бруцеллезді жұқтыру жолдары: қарым-қатынас арқылы 26 жағдайда (44%), алиментарлы 24 жағдай (40,7%), 9 (15,3%) жағдайда жұғу жолдары анықталмаған»,- деп атап өтті Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Бруцеллездың алдын алу шаралары:

  • мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау. халат, арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек;
  • ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек;
  • малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту;
  • сүт өнімдерін ветеринарлық анықтамасыз бейберекет сауда орындарынан  сатып алмау;
  • тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және сүт өнімдерін қолдану.
Алдыңғы мақала

Жүрек-қан тамырлары аурулары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.