Сейсенбі, 3 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Дүнген диаспорасының жиналысы

12 Наурыз, 2024
Дүнген диаспорасының жиналысы
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

5 наурызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Панфилов аудандық дүнген этномәдени орталығының есеп беру – сайлау конференциясы болып өтті. Аудандағы этномәдени орталықтардың мүшелері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 150-ге жуық адам қатысқан жиналысты республикалық дүнген этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Зайнуддин Абдулбахтиярұлы Махусеев кіріспе сөз сөйлеп ашып, конференция қонақтарымен таныстырды.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов, республикалық дүнген этномәдени орталығы байқау кеңесінің төрағасы Лугмар Харкиұлы Буларов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 7-шақырылым депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі Ильяс Юсупұлы Буларов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 6-шақырылым депутаты Шакир Хусаинұлы Хахазов, Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Бақытұлы Әбибеков, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Руфина Қасымқызы Усанова, Панфилов аудан әкімінің орынбасары Қанат Нұркешұлы Досмаилов қатысты.

Алқалы басқосуда дүнген этномәдениет орталығының төрағасы Исмаз Хакиұлы Лосанов 2015 жылдан бері қоғамдық ұйымда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті баяндама жасады. Жетісу облысында жалпы дүнген диаспорасының 1131 өкілі бар болса, солардың басым бөлігі, яғни, 949-ы Жаркент өңірін мекендейді. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған барлық маңызды шараларға белсене атсалысады. Орталықта жастар тәрбиесі, ұлтаралық татулық пен келісім әрдайым басты назарда ұсталады.

Есепті баяндаманы талқылауға кәсіпкерлер Ж. Масыров, Р. Лосева, Қазақстан Парламенті Мәжілісі 7-шақырылымының депутаты И. Буларов, Астана қаласынан келген кәсіпкер Ш. Хахазов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Л.Буларов қатысты. Конференцияда ұйымдық мәселе қаралып, республикалық дүнген этномәдени орталығының Жетісу облыстық және Панфилов аудандық филиалының төрағасы болып Сарди Дифу сайланды.

Есепті жиын соңында өңірге Астанадан арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов сөз сөйлеп, конференция жұмысын қортындылады. Марат Алмасұлы бұдан кейін аудандық «Аманат» партиясы Панфилов аудандық филиалының ғимаратында өңірдегі ұйғыр және славян этномәдени орталықтарының өкілдерімен кездесіп, жұмыстарымен танысты.

Толқын ЕРБОЛҚЫЗЫ

Алдыңғы мақала

АНАНЫҢ АРМАНЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазанкөл қауіпі қалай жойылды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
705
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.