Семей қаласында дәрігерлер династиясы сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында Семейдегі №22 сайлау учаскесінде дәрігерлер династиясы өз таңдауын жасады. Ығиевтар әулетіндегі 4 дәрігер бір уақытта келіп, дауыс берді.
«Біз әр сайлау сайын отбасымызбен дауыс беруді әдетке айналдырдық. Жұбайым, ұлым, қызым және өзім дәрігермін. 30 жылдан аса тәжірибем бар. Бүгін демалыс күні болғандықтан, отбасымызбен бірге келіп дауыс бердік. Бұл барша қазақстандықтардың Отан алдындағы міндеті деп ойлаймын»,- дейді отағасы Ғабиден Ығиев.
Айта кетейік, жалпы қала бойынша 149 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 19-ы – жабық сайлау учаскесі. Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.