Панфилов ауданы тұрғындары саяси науқанға белсене араласуда. Таң қылаулап атқаннан сайлау бөлімшелеріне келіп, өз кандидаттарына дауыстарын беруде. Солардың бірі Сүлейменов Жанай ағамыз.
«Өзім үшін, отбасым үшін, болашағымыз үшін, еліміз үшін дауыс бердім. Сіздер де дұрыс таңдау жасаңыздар. Қасиетті Қазақстанның тағдыры сіздің қолыңыздағы бір жапырақ қағазға байланысты болып тұр, Әділетті Қазақстан құрғанымызды қалаймын», – дейді Сүлейменов Жанай ағамыз.