Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2-ші қыркүйек күні халқымызға арнаған кезекті Жолдауында нақты іске көшу арқылы ғана билік пен халық арасын жақындатып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасын құруға болатынын анық ұғындық.
Үкіметіміздің негізгі алған бағыты халықтың әл-ауқатын жақсарту екендігіне нақты сеніммен қарадық. Сонымен қатар, кейінгі жылдарда еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі өзгергенін «Көкірегі ояу көзі ашық» азаматтар сезінуде. Халқымыздың құқықтық мәдениетің артып келе жатқаны да қуантады.
Ұлтымыздың Ұлы ұстазы, әлемге әйгілі ғалымымыз Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың «Тәртіпсіз берілген білім қауіпті» дегендей мемлекет басшысы қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігіне арнайы тоқталып, қазықтап айтты. Құқық қорғау органдарына және де басқада жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамассыз ету жүктелді. Бүгінде «құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасының әзірленіп жатқанын айтылды. Осы заңнын талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауыпсіздігін қамтамассыз ете аламыз деді.
Кешегі, жыл басындағы бірнеше облысымыздың аймақтарын табиғи қордаланған су тасқынынан зардап шеккенін, онымен күрес жүргізуде үкіметтің халқымызбен бір жұдырық болып, бірлесіп орасан зор қызмет атқарғанына баршамыз күә, риза болдық. «Бірлік бар жерде тірлік барына» және де көз жеткіздік.
«Ауыл – алтын бесігім» агро –өнеркәсіп кешеніне аса назар аударып, оған қаржылай көмек беру, жан-жақты қолдау бүгінгі күн тәртібінің негізгі қағидасы екенінде, мемлекет басшысы және де қайталап нақтылап еске салды. Тиісті министірліктерге, әкімдерге тапсырмалар берді.
Елімізде орта және шағын бизнеске, кәсіпкерлерге аса маңызды мән беруге, жергілікті мемлекет басшыларының әкімдердің жан-жақты қолдау жасауларын қадап айтты, міндеттеді. Елімізде кешенді өнеркәсіп орындарының, заманауи зауыт, фабрикаларының әлеуеттін арттыру, толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аударуды үкіметке, тиісті мемлекет қызметкерлеріне тапсырма берді. Жалпы аймақтардың өсіп өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек деді, президентіміз.
Мұнай – газ-химия саласын дамыту – біздің мемлекетіміздің қарқынды дамуында негізгі рөл атқаратынын, осы аса маңызды шикізаттарымызды өңдеп – өндіруді қарқынды қолға алу – бүгінгі күннің басты міндеті екендігін, олардың өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді де тапсырды.
Аса маңызды мәселелердің бірі- көлік – логистика секторының дамыту, оның стратегиялық мәнінің айрықша басымдылығына ерекше тоқталды. Президентіміз осы сала бойынша еліміздің Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанын, бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік, ерекше артықшылық беретінін атап өтті. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және темір жолдарды қалдыруымыз керек, деді.
Бүгінде біз өзінің жолдауының бірінде экономикамызды білікті де, білімді әлемдік дәрежеге сай кәсіби мамандарды дайындауымыз қажет, деп президентіміз қадап айтты. Осы тұрғыдан алғанда білім бағдарламасы заман талабына сай келетін оқу орындарына барынша қолдау болады, деді. Сонымен қатар ұлтымыздың саулығын нығайту үшін де кешенді шараларды қолға алуды, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды да күн тәртібінде ұстау, үнемі үкіметтің назарында болатындығын нақтылап айтты. Және де, ең маңызды мәселелердің бірі деді, мемлекет басшысы өзінің қорытынды сөздерінің бірінде, ол – экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндетіміз. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән –маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек екендігін баса айтты.
«Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» — деп, мемлекет басшысы сөзін қорытындылады.
Айыпберген БАЛТАБАЙҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі