Жақында Қазақстанда жаңа Конституция жобасы қоғам назарына ұсынылды. Бұл құжат – елдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдағы әділеттілік пен теңдік қағидаттары кеңінен қамтылған.
Жаңа бастаманың басты мақсаты – мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайту, құқықтық жүйені жетілдіру және қоғамның тұрақты дамуына жол ашу. Конституция азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін ережелерді де қамтиды.
15 наурызда өтетін республикалық референдум – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды сәт. Бұл күн әрбір азаматқа өз ойын білдіру, ел тағдырын анықтауда белсенді болу мүмкіндігін береді. Ашық пікір алмасу, қоғамдық талқылаулар және коалиция мүшелерінің кездесулері жаңа Конституцияның мәнін халыққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Эксперттер бұл реформаларды елдегі құқықтық мәдениетті нығайтып, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыратынына сенімді. Қоғамдық талқылау арқылы әрбір азамат өз пікірін білдіріп, заңдардың сапалы әрі халық мүддесіне сай қабылдануына үлес қосады.
Қапал Мария Аманбайқызы,
Панфилов аудандық Ішкі саясат бөлімінің бухгалтері










