«Әрине, Президент сайлауынан қалыс қалуға болмайды. Баршаңызды осы бір саяси науқанға қатысуға шақырамын. Өйткені ел болашағын сомдау осындай саяси шешімдер арқылы жүзеге асады. Сондықтан ең бастысы елге жаны ашитын, мемлекет басқару қолынан келетін тұлғаны таңдап, Президент етіп сайлауымыз керек. Өйткені ендігі күніміз де, жағдайымыз да бірінші басшыға байланысты болады. Әлемде алмағайып заман туып, аумалы-төкпелі кезеңде отырғандықтан ел тізгінін сенімді, саясатта артық эмоцияға берілмейтін, бәрін дипломатиямен шешуге тырысатын адамды таңдауымыз керек. Сайлаудан қалмайық, жерлестер», – дейді Лесновка ауылынан шыққан жерлесіміз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі Қалибек Ибрайымжанов.