Жексенбі, 8 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Елдіктің ең басты мерекесі

23 Қазан, 2023
Елдіктің ең басты мерекесі
3
БӨЛІСУ
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әлі есімізде, осыдан дәл отыз үш жыл бұрын Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы»  декларация қабылдады. Бұл тарихи құжат Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің берік іргететасы болып саналды. Өйткені мұнда мемлекетіміздің жеке жер аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастағы дербестігі бекітілді. Сөйтіп, бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Сол сәттен тартып еліміз өзгелермен терезесі тең  жеке мемлекет ретінде танылды.
Баршаға белгілі, «Республика күні» елімізде 1992 жылдан бастап тойлана бастаған болатын. Дегенмен, 2009 жылы мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Алайда, 2022 жылғы 16 шілдеде Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен «Республика күніне» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күнін еліміздің басты мерекесі «Егемендік күні» ретінде жыл сайын атап өтуіміз керек. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тұңғыш тарихи қадамының символы болуы қажет» деп баршамыздың көкейімізден шығатын байламды сөзін айтып, куантып тастады.
Негізі, ұлттық мереке – туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған осынау азат күнге жету жолында қаншама тер, қаншама қан төкті. Талай-талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтіп, әйтеуір осы күнге жеттік.


Біз қазір өте күрделі кезеңде өмір сүрудеміз. Айналамыз — аласапыранға толы. Сұм соғыстың салдарынан алыс-жақын шетелдерде адам айтқысыз ауыр қасірет орын алып, адам қаны суша ағып жатыр. Көрікті қалалар мен көркем табиғаттың күлі көкке ұшуда. ан майданның қайғысына қоса алпауыт елдер салған әр алуан санкциялар да экономикалық жағынан тығырыққа тіреуде.
Мұндай сын сәтте етек-жеңімізді жиып, кез келген келеңсіздіктің алдын алуға сақадай-сай әзір отырмасақ, опық жеп қалуымыз оп-оңай. Сондықтан еліміздің ішкі-сыртқы саясат мәселелеріне де баса мән беріліп, «Жаңа, әділетті Қазақстан» құру жолында аса ауқымды реформалық өзгерістер жүзеге асуда деп ойлаймыз.
Алайда, алдымызда атқарған ісімізден — жүзеге асырар жұмыстарымыз тіптен көп екенін жақсы білеміз. Егер татулықты ту етіп, жұрт болып жұмылсақ, әлі талай асулардан аса беретініміз сөзсіз. Осы бағыттағы қадамдарымыз жетістіктерге жетелей берсін. Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын, ардақты ағайын!

Дүйсенбек ӘЛІМЖАНОВ,
қоғам белсендісі,
Жаркент қалалық мүгедектер
қоғамының төрағасы

Алдыңғы мақала

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл мектептерінде білім сапасын арттыру қадамдары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.