Жұма, 27 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Электр энергиясы – экономикалық өсудің қозғаушы күші

18 Маусым, 2025
Электр энергиясы – экономикалық өсудің қозғаушы күші
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Электр энергиясы адамның өмірі мен қызметінде үлкен пайда мен ыңғайлылықты береді. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Бизнес-құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу – маңызды және өзекті мәселе. Электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісімшарттар қалай рәсімделеді? Осы және басқа да сұрақтарға ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Берік Сатыбалдыұлы сұхбат барысында жауап береді.

– Қайырлы күн, Берік Сатыбалдыұлы! Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімі бойынша қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

– Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының тұтынушылары арасындағы көтерме және бөлшек сауда нарығында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Электр энергетикасы туралы» Заңымен және Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі.

Елдегі кәсіпкерлік қызметті жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстанның позициясын көтеру мақсатында электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергиясын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • электрмен жабдықтау шартына қажетті құжаттар саны 9-дан 7-ге қысқарды;
  • техникалық шарттарды беру мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
  • тұтынушы тарапынан жобалық құжаттаманы алдын ала келісу талабы алынып тасталды.

– Тұтынушыларды электр энергиясына қосу тәртібі мен мерзімдері өзгерді ме?

– Иә, тұтынушыларды электр желілеріне қосу тәртібі мен мерзімдерінде де оң өзгерістер орын алды. Енді заңды тұлғалар атынан құрылыс-монтаж ұйымдары, ал жеке тұлғалар өздері энергия беруші ұйымға (немесе энергия өндіруші ұйымға) техникалық шарттардың орындалуы және қондырғыларға кернеу беруге дайындығы туралы хабарлама мен шартты акцептеу туралы өтінішті еркін нысанда жібереді.

Энергия беруші ұйым:

  • хабарламаны алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және техникалық шарттардың орындалуын тексереді;
  • 3 жұмыс күні ішінде кернеу беріп, есепке алу жүйесін пломбалайды және тиісті акт береді;
  • пломбалау актісі берілген соң 2 жұмыс күні ішінде құжаттарды энергиямен жабдықтаушы ұйымға жолдайды.

– Егер энергия беруші ұйым техникалық шарттардың талаптарының орындалмағанын анықтаса, не болады?

– Мұндай жағдайда энергия беруші ұйым 2 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Кемшіліктерді жойғаннан кейін, тұтынушы немесе мердігер ұйым техникалық шарттардың орындалуы және дайындық туралы қайта хабарлама жолдайды. Энергия беруші ұйым бұл хабарламаны 1 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер кемшіліктер қайта жойылмаса, келесі тексеру тек 1 айдан кейін жүргізіледі.

– Объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттар алу қажет пе?

– Жоқ, техникалық шарттарды қайта рәсімдеудің қажеті жоқ. Алайда меншік иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға шартты акцептеу туралы өтініш жолдауы тиіс.

Энергия беруші ұйым 2 жұмыс күні ішінде теңгерімдік тиесілікті және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі электр энергиясы үшін түпкілікті есеп айырысу жүргізеді.

– Бұрын тұтынушыға жобалық құжаттаманы келісу қажет еді. Қазір бұл талап бар ма?

– Қазіргі таңда жобалық құжаттаманы энергия беруші ұйыммен алдын ала келісу талабы жойылды. Бұл өзгеріс процесті айтарлықтай жеңілдетеді.

– Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бұзылған жағдайда тұтынушылар қайда жүгіне алады?

– Мұндай жағдайда тұтынушылар ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментіне келесі мекенжай бойынша жүгіне алады: Талдықорған қаласы, Қаратал шағынауданы, 60В, 101 және 103-кабинеттер. Байланыс телефоны: +7 (7282) 41-70-80. Сонымен қатар, «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы да шағым жолдауға болады.

Алдыңғы мақала

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлы халықтың Ұлы Абайы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.