Белгіленген уақытында жұмысын Қазақстанның әнұранымен бастаған Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы №269 Алмалы сайлау учаскесі алғашқы дауыс берушілерін салтанатпен қарсы алды. Алмалы ауылының ежелгі тұрғындарының бірі, жастайынан тынымсыз еңбекпен өскен, кәсіпкер Әлібаев Ердәулет Әуетбекұлы АЭС салу жөніндегі референдумға келген еді.
«Жасымыздан еңбек етіп елдің экономикалық өркендеуіне өз үлесімізді қостық. Ендігі жерде мемлекетіміздің алға қарай қарыштап қадам басуына бәріміз мүдделі адам болғансын өз таңдауымды жасадым. Еліміз өркендеп өсуі үшін аянбай еңбек етуіміз керек», – деді Ердәулет Әуетбекұлы.