«Елімізде өтіп жатқан сайлаудың әділ әрі жүйелі өтуін «AMANAT» партиясы еліміздегі ең ірі саяси құрылым ретінде қамтамасыз етуде. Өйткені партияның мақсаты – еліміздің өрістеп, өркендеуіне үлес қосу. Ал Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқаны елімізді дамуға бастайтын жаңаша үдеріс. Сол үдерісті өткізуге септесу маған да бұйырыпты. Себебі мен бұл сайлауда Панфилов ауданының Керімағаш ауылында орналасқан № 731 сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасадым» — дейді ұстаз, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлан Жанұзақов.