Панфилов ауданы, Алмалы ауылындағы сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққан кәсіпкер Шыныбек Қойжаяровты сөзге тарттық.
«Еліміздің демократиялық жолға толықтай көшуіне осы сайлау көп ықпал етері сөзсіз. Жаңарған Қазақстанның дамуына биылғы сайлауға түсіп жатқан үміткерлер, партиялар өз үлестерін қосады деп сенемін. Көптеген ауылшаруашылығы, т.б. мәселерді жаңа сайланған Мәжіліс және мәслихат депутаттары шешеді деген үміттеміз» — дейді кәсіпкер.