Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған құттықтауы
Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелей отырып, біз майдан даласында ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз, тылда тынымсыз тер төккен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетеміз, олардың ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған қайсарлығына бас иеміз.
Қаншама жыл өтсе де бұл қастерлі күн бірлік пен батырлықтың, қайсарлық пен қаһармандықтың символы болып қала бермек. Өйткені елжандылық, табандылық, Отан алдындағы борышына деген адалдық – баршамыз үшін қашанда өлмес өнеге, өшпес үлгі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз» деген болатын.
Құрметті жерлестер! Ұлы Жеңіс күнінде баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, берекелі ғұмыр, бақыт пен шаттық тілеймін.
Еліміз әрдайым бейбітшілік бесігінде тербеліп, гүлденіп-көркейе берсін!