Жұма, 6 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ерлікпен қаза тапқандарды еске алды

5 Желтоқсан, 2024
Ерлікпен қаза тапқандарды еске алды
2
БӨЛІСУ
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында «1985 жылғы 22—қарашасында Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан шекарашыларды еске алуға арналған» митинг ұйымдастырылды.

Жауынгерлік қызметті қалтқысыз атқарып, ант алдындағы борыштарын адал орындап, өмірден өткен қаруластарын еске алу — шекарашылардың ғасырлар бойы қалыптасқан салты. Мұндай дәстүр аға буыннан бастау алып, қазіргі кезде де жалғасын тауып келеді. Келешекте де ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, шекарашылар бар жерде санадан өшпесі анық.

1985 жылдың күзінде Шығыс шекара округінің Панфилов шекара отрядында құрылған застава шекарашылары Ауған жерінде жаудың тосқауылына тап болады. Бірнеше уақыт бойы Зардев алқабында саны жағынан да, қару-жарағы жағынан да бірнеше есе басым түсетін маджахеттермен ұрыс жүргізеді. Қиян-кескі ұрыста застава бастығы капитан Владимир Рослов және орынбасары капитан Анатолий Науовты қосқанда жалпы саны он тоғыз шекара сақшысы қаза тапты.

Еске алуға арналған митинг қақтығыс алаңында жан тапсырған оғландарға арналып қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мемориалдық тақта жанына сап түзеген жасыл күнқағарлыларға бір минуттық үнсіздік жарияланды. Алғашқы сөз Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы полковник Берік Бұзаушиевке берілді. Сардар, жат елде ерліктің биік шыңын танытқан әскери қызметшілердің қайсар мінездері мен ұрыс барысындағы шеберліктерін жас буынға үлгі етті. Батырлардың есімдерінің жадымыздан ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Сөз кезегін алған Шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалының жетекшісі, запастағы полковник Николай Мечетин мен запастағы майор Владимир Байромян қаһарман ұлдардың жаумен бетпе-бет қалаған кездегі азғантай қолмен талайды жер жастандырған өр мінездерін жоғары бағалады. Елімізде тек қана бейбіт тыныштық болып, жер бетінде соғыс деген жаман аттың бір жолата жоғалсын деген тілек айтты.

Митинг соңы басқарма жеке құрамының қонақтар мен басшылықтың алдынан жорықтық лекпен өтуімен аяқталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

Кез келген еңбек қадірлі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әскер қатарында мобилографтар жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
708
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.