Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов Алматыда өтіп жатқан референдумға қатысып, өзінің таңдауын жасады.
Белгілі спортшы Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Референдумға қатыса отырып, өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсетемін. Әрбір қазақстандықтың міндеті – осындай мәселеде шетте қалмауы тиіс», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қала басшысы Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген болатын.