Сәрсенбі, 4 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ескерусіз ешкім қалмайды

6 Сәуір, 2024
Ескерусіз ешкім қалмайды
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны баршаны алаңдатып отыр. Он облыста төтенше жағдай режимі белгіленді.

Ғасырға жуық уақыт бері мұндай апатпен еліміз бетпе бет келген емес.
Жойқын су тасқыны жылдар бойы шешілмеген, жүйелі түрде жүргізілмеген жұмыстар мен әр деңгейдегі үлкен мәселелердің бетін ашты.

Қарғын су тұрғын үйлерді басып, жолдарды шайып, мыңдаған мал қорада қалып, суға тұншығып мерт болып, тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланып жатыр.

Мемлекет басшысы бүгінгі Үндеуінде, атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін шұғыл түрде нақты тапсырмалар берілгенін және барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Үкімет қарғын судың алдын ала алмаса да, салдарын жоюға бар күшін салуда.

Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары да бірқатар өңірлердегі жағдаймен өз көздерімен танысып қайтты.
Барлық құтқару жұмыстары қазір Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің ресурстарымен қатар, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары тартылып жатыр.
Зардап шеккен аймақтар халқының жай күйін барынша жеңілдетуге күндіз-түні жұмыс істеп жатқан жергілікті әкімдіктерге , еліміздің мыңдаған волонтерлары да көмек қолдарын созып жатыр. Республикалық, аймақтық қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, өңірлерге гуманитарлық жүктері жөнелтіліп жатыр.

“Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы”— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәжірибе көрсеткендей, сыни жағдайларда сабырлық сақтау стратегиясы шығындарды азайтудың негізгі факторы болып табылады. Бұл тұрғыда онсыз да абдырап, қиналған жұртты жалған ақпаратпен дүрліктіруге жол бермей, керісінше, үздіксіз ресми ақпараттың таралуы аса маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдарының шұғыл да, үзліксіз кәсіби ақпарат таратып отыруы — көмекке зәру жандар үшін де, оларға көмек көрсетушілер үшін де, түрлі деңгейдегі билік өкілдері үшін де аса қажет.

“Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет “, — деді Қ. Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде.

Ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше, әлемде климаттық үлкен өзгерістер салдарынан түрлі табиғи апаттар жиілеуі ықтимал. Оған өзіміз де соңғы жылдары күә бола бастадық.
Халқымыздың “сақтансаң, сақтаймын” деген дана сөзін де ұмытпауымыз керек.
Мемлекет басшысы, біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет, — деді.
“Саққа құдай жақ” деген қазақ. Мұны биліктің де, халықтың түйсінетін уақыты келгені рас.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 

Алдыңғы мақала

Димаш Құдайберген: «Бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сынақтан сүрінбей өтейік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
707
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.