Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Халықты иммундау не үшін маңызды?

24 Желтоқсан, 2025
Халықты иммундау не үшін маңызды?
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жұқпалы аурулар барлық кезеңде адамның басты жауы болған. Тарихта шешек, оба, тырысқақ, қызылша, тұмаудың эпидемиясы кезінде миллиондаған адам көз жұмған.

Адамдар жұқпалы ауруларға қарсы түрлі тәсілдер қолданды, бірақ тек вакцина пайда болған соң ғана жұқпалы ауруларға қарсы күрестің жаңа заманы басталды.

Вакциналардың құрамына әлсіздендірілген, өлтірілген микроорганизмдер немесе олардың компоненттері енгізілген. Сондықтан олардың ауруды тудыру мүмкіндігі жоқ.

Вакцина организмге енгізілгенде иммундық жүйе ауру қоздырғышының белгілерін есте сақтап, олармен күреседі, кейін инфекциямен кездескен кезде қоздырғышты танып, жояды.

Вакцинаның арқасында жыл сайын әлем бойынша миллиондаған адамның өмірін алған шешек ауруы толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта полиомиелитті жою жұмыстары жалғасуда, дифтерия, қызамық, эпидемиялық паротит, ВГВ 100 есе, 1000 есе төмендеді. Бірақ ауру азайған сайын адамдар ол аурудың ауырлығын ұмытып жатыр.

Полиомиелит 20 ғасырда ең қауіпті деп саналды, аурудың нәтижесінде балалардың бұлшықеті семіп, аяқ-қолы мен дене пішіні қисайып, мүгедектікке әкелді.

Қызылшаға бактериялды инфекцияның қосылуынан, ауыр түрде пневмония, энцефалиттен мүгедектік дамыды, жыл сайын жер бетінде 3 млн аса адам көз жұмды.

Дифтериядан жүрек-қантамыр жүйесі, бүйрек, жүйке жүйесі зақымдалып, тыныс алу мүшелері салданып, 50% дейін өлімге әкелді (қазіргі ем дамыған кездің өзінде өлім-жітім 3%).

«Бүгінде екпеден бас тартып, себепсіз егілмеу салдарынан, ұжымдық иммунитет төмендеп 2023 жылдан бастап қызылша, көкжөтелден бұрқету жағдайлары орын алуда. Жетісу облысында 2023-2024 жылдары қызылшаның 1303 және көкжөтелдің 177 жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың 80-90% бірде-бір екпе алмағандар. Қазір қолданылатын вакциналардың қауіпсіздігі жоғары. Екпе түріне қарай иммунитет бірнеше айдан бірнеше жылға, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Ұлттық күнтізбеге сәйкес вакцинация 21 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз түрде жүргізіледі. Иммунопрофилактика бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес иммундау тек ата-ананың рұқсатынан кейін ғана жүргізіледі. Демек баланы ауыр инфекциядан қорғап қалу немесе баланың денсаулығын, кейде тіпті өмірін қатерге тігу ата-анасына байланысты!

Алдыңғы мақала

МӘМС: Жетісу облысында 119 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмаған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Менингококті инфекция және алдын алу шаралары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.