Сенбі, 7 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Халықтық штаб мүшелері АЭС салудың маңызын талқылады

9 Қыркүйек, 2024
Халықтық штаб мүшелері АЭС салудың маңызын талқылады
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram
Облыс орталығын жылумен қамтып отырған «Көкшетау жылу» мекемесінің ұжымымен энергетика саласының сарапшылары, депутаттар, жергілікті тұрғындар мен азаматтық сектордың өкілдері кездесті.

Көкшетауда «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы қолдауымен халықтық штаб мүшелері ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақмола облыстық халықтық штаб мүшелері Көкшетаудағы ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға үгіттеді.

Облыс орталығын жылумен қамтып отырған «Көкшетау жылу» мекемесінің ұжымымен энергетика саласының сарапшылары, депутаттар, жергілікті тұрғындар мен азаматтық сектордың өкілдері кездесті. Жиында сөз алған мамандар «АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу» деген пікір білдірді. Себебі 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін. Жиында сөз алғандар ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр стансасын салуды ұсынып отырғанын нақтылады. Сарапшы мамандар станса салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болатынын айтады.

«Себебі  мұндай орталықтар көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Осыны ескерген дамыған мемлекеттер ауаны қалай тазартудың жолын атом орталықтары арқылы іздеуге көшкен. Атом электр стансасы – басқа стансаларға қарағанда экологиялық таза. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ болсын, Еуропадағы біраз ел, соның ішінде Франция 80%-ға дейін электр энергиясы өзінде. АЭС арқылы өндіріледі. Ол жерде бірде-бір радиацияның шығуы, басқа жағдайлар болып жатқан жоқ», – дейді қазақстандық Электр энергетикасы ассоциациясының төрағасы Талғат Темірханов.

Ал ірі жол көліктерін құрастыратын «Камаз-Инжиниринг» кәсіпорнының қызметкерлеріне Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева электр энергиясын өндірудің бірден-бір тиімді көзі атом электр стансасын салу екенін баса айтты. Кәсіпорын қызметкерлеріне республикалық халықтық штаб мүшелері еліміз үшін атом электр стансаларының қажеттілігі, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр стансаларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр стансаларының қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ету деңгейі туралы ақпаратты бөлісті.

Көкшетаудағы Достық үйіне жиналған өңірдегі қоғам белсенділері облыстық қоғамдық штаб мүшелеріне «елімізде АЭС салынған күнде де, кадрлармен қамтамасыз ету, бұл салаға жауапты бола алатын маман бар ма?» деген сұрағын жолдады.

«Бүгінде Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы – негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында көптеген маман жұмыс істейді», – деп атап өтті қазақстандық Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева.

Дәл осындай кездесулер осы күні Бурабайда туристік бизнес өкілдерімен және Макинск құс фабрикасының ұжымымен өтті.

Жиындарда АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылды. Десе де, мәселенің нүктесін халық қояды. Бұл туралы Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында 6 қазан күні  референдум өтетінін айтқан.  АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Ақмола облысының түкпір-түкпірін аралап, болашаққа маңызды қадам жасауға үгіттеп жатыр.

Ақтілек АЛМАСҰЛЫ

aikyn.kz

Алдыңғы мақала

АЭС – энергия өндірудің сенімді көзі – сарапшы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Financial Times: атом энергиясының тәуекелі жоғары және технологиялық жағынан күрделі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
710
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.