Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам-деп жаңа кезеңге қадам басқаны бәрімізге аян.
Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Бұл реформа жаңа, әділетті Қазақстанды аса маңызды қадам болды. Бүгінгі таңда осы саяси жаңғыру ақырындап болса да экономикалыққ өзгерістерге ұласуда. «Азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынас қарқын алып келеді. Оны біз қазіргі атқарылып жатқан игілікті істерден байқап отырмыз .Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтармен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетік гранттардың берілуі-халықты нарық тұрақұсыздығынан қорғап, әркімнің шағын және орта бизнесті дөңгелетіп алып кетуіне мүмкіндік молынан жасалып отыр. Халықтың алдыңғы легі бұл бастаманың игілігін көре бастады.Президентіміз реформаны нақты бес бағдарға бөліп, әрқайсына жеке-жеке талдау жасап, атқарылатын міндеттерді қадап тұрып айтқан болатын.
1.Жаңа экономикалық саясат,
2. Нақты секторды дамыту.
3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестици.
4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.
5. Заң және тәртіп.
Осы аталағн бес бағыт нақты іске асу үшін елімізде заң берік орнығып,сот төрелегі, әділ атқарылуы қажет екені айтылған.Қазіргі таңда қазылар қауымы іріктеліп,билік басына білікті де білімді жастар легі келіп жатқаны көңіл қоншытады.Өткенімізге көз жүгіртсек, 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздігімізге қадам басқан, еркіндікті аңсаған жастарымыздың ерліктерінің жемісі болса, кешегі «Қасіретті қаңтар» оқиғасы арандатыушылардың кесірінен жер-жерлерде жаппай тәртіпсіздікке ұласқанын көзімізбен көөріп оның ақырымемлекетімізге қарсы бүлік шығаруға әкеп соқтырғанының куәсі болдық…
Қазақта «Іштен шалған жау жаман» — деген қанатты сөз бар. Арандатушылардың кесірінен талай адам зардап шегіп,қайғылы оқиғалар орын алды.
Ел ішіне ірікі салып, заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаға тартылды. Мемлекет башысы арандатуға қатысқан талай адамға рақымшылық жасады. Жасыратыны жоқ қазіргі кезде ел ішінде әлі де мемлекетімізге қарсы тырнақтың астынан кір іздеп «ауыз өзімдікі» — деп тіл тигізіп жүрген адамдардың бар өтірік емес, «басқа бәле тілден» — десек, реті келгенде бұл жағдайға да тоқталатын кез келер… Себебі, бізге ел бірлігі ауадай қажет. Бірлік болмаса, ешуақытта тірлік болған емес.
19 наурызда өтетін саулау – президентіміздің мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту бағдарының айқын дәлелі. Барлық деңгейдегі депутаттарды таратып, жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болсын деген мақсатта, кандидаттарды сайлау мүмкіндігін халыққа беріп отыр. Халық өз таңдауын өзі жасап, ертең еліне адал қызмет ететін азаматтарды іріктеп алу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Сонымен қатар, сайлауға қатысатын партиялардың санының көптігі де осының айқын дәлелі. Еліміздің экономикасында қордаланған мәселелер өте көп. Еңбек өнімділігі төмен әрі шикізатқа тәуелдіміз. Ұлттық табыстың игілігін халқымыз толықтай көріп отырған жоқ болатын. Осы қордаланған мәселелердің шешімі өз ретінде шешіліп келе жатқандығы жүрегімізге жылу ұялатып, келешегімізге кәміл сенім орнатып келеді. Оның айғағы шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер, 2 пайызбен кредиттердің берілуі, жастарға беріліп отырған мүмкіндік олардың жас ерекшеліктерін 30 жасқа дейін көтеріп, көп мүмкіндіктерді пайдалануға жасалып отырған алғашқы жеңілдіктер. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жаңа ережелер бекітіліп жатыр. Осы атқарылып жатқан игі бастамаларды көріп, көңілін марқайып, ертеңге деген сенімніің арта түсетіні қуантарлық жағдай.
Президент сайлауы өтті, биыл мәжіліс пен мәслхат депутаттарының сайлауы өткен соң жаңадан Үкімет құрамы жасақталып, жаңарады. Осылайша біз армандаған әділетті Қазақтсанның тұғыры биік болып, еліміздің еңсесі көтеріліп, халықтың әл-ауқатын жақсартатынына сенімімін зор! Тек ауызбірлігіміз мықты, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт заман болсын.
Кербұлақ ауданының Аналар
кеңесінің төрайымы
Ақбасова Ғалия Нияқызы