Жуырда Талдықорған қаласында «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы облыстық байқау осылай аталады.
Ардақты аналарымыз бен асыл әжелерімізді үлгі етіп, олардың ежелден ұстанып келе жатқан салт-дәстүрлерін баянды етуді, қоғамның маңызды институты ретінде отбасының оң имиджін қалыптастырып, оның ұйытқысы – аналардың беделін көтеруді, сондай-ақ, ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға игі ықпал жасауды мақсат еткен бұл байқауға 40-50 жас аралығындағы аналар қатысты. «Отбасындағы бақытты әйел», «Сахна мәдениеті» және «Өнерлі ана – сымбатты» атты үш айналымнан тұратын бәсекеде әр аудан бойынша екі үміткерден бақтарын сынаған еді. Біздің Пенжім ауылынан барған Әріпбаева Жазира Жарымбетқызы бірінші орынға ие болды. Ал, үшаралдық Шынашова Гүлжан Қайыржанқызы (суретте: оң жақтан санағанда бірінші және екінші тұр) ынталандыру сыйлығын иемденді.
Жұлдыз АСҚАРБЕКОВА