Жексенбі, 1 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Колледждегі танымдық кеш

12 Наурыз, 2024
Колледждегі танымдық кеш
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ауданымызда әлемге әйгілі суретші жерлесіміз Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы құрметіне арналған әр алуан танымдық-тағылымдық шаралар өткізу дәстүрі одан әрі жалғасуда. Осындай орасан зор тәрбиелік маңызы бар кеш жуырда Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде өтті. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасы апталығының ашылуы аясында өткен бұл шара «Тарих. Тағдыр. Тұлға» деп аталды. Колледждің байырғы тәжірибелі оқытушылары Елмұрат Оразымбеков пен Нұргүл Тумаеваның ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш кездесу кеште кафедра меңгерушісі Жәмила Рахметжанова,  Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, академик Ақан Оймауытов, «Ә.Қастеев көркемсурет галереясының» қызметкері, суретші Мұрат Шалғымбаев және Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің түлегі, суретші Оразбай Жақып қатысып, студенттермен өздерінің өнер, білім, қоғам жайлы  құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Кеште халық суретшісінің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар көрермендер назарына суретшінің балалық шағы жайлы сахналық қойылым ұсынылды. Ал ең бастысы – студенттерге Әбілхан атаның «Шежін өзенінің аңғарында», «Қапшағай су электр стансасында», «Колхоздағы сүт фермасы», «Кенесары хан», «Амангелді», «Тау көріністері», тағы басқа да жауһар туындылары таныстырылып,  келген қонақтар олар жайлы мол танымдық мағлұмат берді. «Ә. Қастеевтің ізбасарлары» деген бөлімде студенттер өз шеберліктерін байқатып, сурет салды, Көрнекті қыл қалам шебері Ақан Оймауытов ерекше көзге түскен талапкерлерге  қолтаңбасын қалдырды.

Кеш соңында колледж директоры Клара Құрабалдиева қорытынды сөз сөйлеп, қазақ бейнелеу өнерінің көшбасшысы атанған Әбілхан атамыздың 120 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген бұл шараға оң баға берді.

 Рыскүл ҚОЖАБЕРГЕНОВА,

қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі

Алдыңғы мақала

Бірліктен асқан байлық жоқ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сарытөбедегі салиқалы басқосу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
696
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.