Жаркент қаласында сарапшылар қауымдастығымен бірлескен «Конституциялық реформалар және өңірлік даму» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған іс-шараға білім беру саласының өкілдері мен студенттер қатысты. Конференция барысында конституциялық реформалардың маңызы, олардың өңірлік дамуға әсері және болашақтағы даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Конференция өз деңгейінде ұйымдастырылып, нәтижелі өтті










