Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Әлеумет оптимизміне серпін берген Жолдау

24 Қыркүйек, 2024
Әлеумет оптимизміне серпін берген Жолдау
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы халықтың қоғамдық санасында оптимистік сезімді жандандыратыны хақ. Жолдаудағы оған негіз болатын факторлардың қатарына төмендегілерді айтуға болады.  

Оның ішінде, халықты әлеуметтік қорғауға қатысты іс-шаралардың заң тұрғыда бекітілуі Жолдаудың өзегіне қойылғандығы көңілге қонды. Әсіресе, халық қауіпсіздігіне: адам саудасына қарсы күрестің, балаларды қорғау ісіне айрықша назарда болуы, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылдандығы айтылады.

Ендігі бірі – «Несиесіз қоғам» концепті. Президент өз сөзінде: «несие – қоғамдық қатер», – деген түсінікті қалыптастырады. Бұл халықтың тіршіліктік санасында ерен бетбұрыс әкеліп, адамдардың санасында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнықтырары рас. Осы ретте мемлекет басшысының: «Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады», – дегенінің жаны бар.

Оның материалдық негізін Президент экономиканы жақсартудан көреді. Әрине экономика – қоғамның базисі. Оның басты мақсаты – халықтың табысын арттыру дегенді бірінші кезекке қояды. Осы ретте Мемлекет басшысы, оның басты тетіктерінің біріне шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесін қояды. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына елеулі ықпал жасайтынына сендіреді. Әсіресе мұнда қаржылық технологияны заңнамалық тұрғыда түбірлі өзгертуге ниет білдіреді. Бір сөзбен айтқанда бұл азаматтардың экономикалық белсенділігі мен оптимизміне негіз болмақ.

Халықтың әлеуметтік оптимизміне негіз қалайтын Жолдаудағы екінші бір іс-шара – елдің инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс. Бұл реттегі басты механизм ретінде Қазақстандағы экономикалық либерализм саясатының алынуы. Осы ретте Президенттің: «Мен биыл мамыр айында «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжатта көрсетілген талаптар мүлтіксіз орындалуға тиіс», – дегені көңілге қонады.

Келесі бір тетік – инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігінің көтерілуі. Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар қызметтер деген ұғым енгізілуінің  қажеттілігі анықталады. Оның жанды тұсының бірі ретінде елдегі ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажеттігі анықталады. Бұл да халық оптимизмі үшін құптарлық жағдай.

Ендігі тірек – елдің  кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығының алға тартылуы. Осы тұста Мемлекет басшысы: «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұсынады. Бұл қоғамның басты рухани құндылығы болуы тиіс деп есептейміз. Әрі осының өзі азаматтардың оптимистік ділінің қалыптасу тиянағы болатынына сенуге болады. Президенттің сөзімен айтқанда, «біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары» хақ.

Президенттің: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс», – деген тұжырымын қолдауға тұрарлық. Осы ретте «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады», -деген нақылға сүйенеді. Қадір Мырзалы ағамыздың: «Нақыл – ақылдың соңғы аялдамасы», -дегені соны білдірсе керек.

Халықтың қоғамдық оптимизміне тиянақ болатын келесі фактор – Жолдауда көрсетілген «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек», -деген тұжырымға қатысты айтылған іс-шаралар деп есептейміз. «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек», – дейді Президент. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы елдік оптимизнің бірі ретінде экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі деп көрсетеді. Президенттің айтуынша,  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама» болмақ. Халық оптимизмінің көрінетін тұсы дәл осы болар деген ойдамыз.

Халықтық оптимизмнің тағы бір негізі мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттырумен және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігімен байланыстырылады. Алдыңғыда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасыалға тартылады. Біздің пікірімізше, бұл мәселеде шешімін таба алмай жатқан проблемалар баршылық. Алайда істің оңтайланатынына сенім жоқ емес. Бұл адамдардың демократиялық оптимизміне ықпал жасайтынына сенім мол.

Жолдауда: «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел», -делінген. Әрине зайырлы қоғамның басы ұстанымы мен құндылығы осы болса керек. Осы тұста халықтың оптимистік мәдениетінің жандануы үшін «азаматтардың жасампаздық әлеуеті» ауадай қажет әрі ол кез келген тұлғаның отанщылдық оптимизмінің тынысы болатыны анық. Шындығында «Біз – озық ойлы ұлт» екенімізді көрсетер тұс – ол оптимизм.

Дәулетбек РАЕВ,

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,

Шығыстану факультеті,

шығыстану кафедрасының профессоры,

философия ғылымдарының докторы

 

Алдыңғы мақала

Келісті келешек үшін кепіл көп

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Электр энергиясына сұраныс еселеп арта түспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
704
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.