Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Азаматтардың 90%-ға жуығы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

4 Наурыз, 2026
Азаматтардың 90%-ға жуығы Жаңа Конституция жобасын қолдайды
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы халықтың хабардар болу деңгейі

Телефон сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 81,8%-ы елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу жоспарланып отырғанын біледі, олардың 33,7%-ы референдум туралы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естіген, бірақ егжей-тегжейлі білмейді. Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум туралы ештеңе естімегендер үлесі – 17,1%.
Сауалнамаға қатысқандар арасында жалпы хабардарлықтың жоғары көрсеткіші, оның ішінде референдум туралы естігендер үлесі Жамбыл (89,7%), Шығыс Қазақстан (87,8%), Қызылорда (89,1%), Батыс Қазақстан (88,1%) облыстары мен Алматы қаласында (87,6%) жоғары.
Телефон сауалнамасы нәтижелері көрсеткендей, жастар жоспарланған референдум туралы жақсы хабардар (44,8%). Бұл ретте аға буын да егжей-тегжейін білмесе де (51,7%), жалпы жоғары хабардар екенін көрсетті.
Сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу туралы хабардарлық деңгейі респонденттердің білім деңгейімен де байланысты. Азаматтардың білім деңгейі жоғары болған сайын, хабардар болудың жалпы көрсеткіші де артады.  Мысалы, жоғары білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы қандай да бір дәрежеде референдум өткізу туралы естіген болса, орта арнайы, кәсіптік білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 74,3%-ы референдум туралы хабардар.
Телефон сауалнамасына қатысқандардың басым көпшілігі (76,9%) елдегі саяси реформалар мен саяси өзгерістер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден (Tik-tok, Telegram, Instagram, Facebook, ВКонтакте және т.б.) алатынын көрсетті. Ал үштен бірі (33,3%) мұндай жаңалықтарды интернет-сайттардан біледі. Сауалнама қатысушыларының 20,5%-ы теледидарды ақпарат көзі ретінде атап өтті.

Сауалнама жоғары электоралдық белсенділік деңгейін көрсетті

«Сіз Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі – 72,8%-ы – оң жауап беріп, бұл олардың азаматтық парызы екенін атап өтті. Азаматтардың 17,9%-ы әлі референдумға қатысып-қатыспайтыны туралы нақты шешім қабылдамағанын айтты. Ал респонденттердің 9,3%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ.
Жоғары әлеуетті электоралдық белсенділік Түркістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда (76,1%), Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (75,0%) байқалды.
Референдумға қатысуға ең жоғары дайындықты жастар (82,2%) мен 29-45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%), сондай-ақ жоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75,0%) респонденттер көрсетті.
Алынған деректерге сәйкес, қазақстандықтардың көпшілігі – 89,2%-ы – Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Олардың ішінде, сауалнама қатысушыларының 52,8%-ы жобаны толықтай қолдайтынын, ал 36,4%-ы жобаны қолдауға бейім екенін айтты. Ал әртүрлі себептермен Жаңа Конституция жобасын қолдамайтын немесе әлі таңдауын жасамағандар үлесі бар-жоғы – 10,8%.
2026 жылғы 12-20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді.
Зерттеу Қазақстанның ересек халқын (18 жастан асқан) жынысы, жасы, елді мекен түрі және тұратын өңірі бойынша көрсететін ұлттық іріктеме негізінде жүргізілді.
Іріктеме жиынтық көлемі – 1200 респондент. Телефон арқылы сауалнама жүргізу аумағы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қаланы (Астана, Алматы, Шымкент) қамтыды. Байланыс стационарлық және мобильді телефон нөмірлері арқылы жүзеге асты.


Сауалнама ҚР ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкес жүргізілді.

Алдыңғы мақала

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенат төрағасы: Референдум – Қазақстан дамуының тарихи кезеңі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.