Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында.
Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады. Олардың ішінде 7,5 мың тонна жинап, 2,2 мың тоннаны қайта өңдеген «Уыз Май Индастри» ЖШС бар. Зауыт бас директорының орынбасары Аман Көпесовтың айтуынша, бір тонна сояның бағасы 180 мың теңгені құрайды.
Сояны қайта өңдеуге тапсыратын шаруалар мемлекеттен тоннасына 6000 теңге көлемінде субсидия алады. Өңделген майлы дақылдар ТМД елдеріне экспортталады.