Наурыз – қуаныш, көпшілік серуендері мен мол дастарқанның мерекесі. Алайда, тамақты дұрыс сақтамау және дайындау әсіресе дала саудасы мен бұқаралық іс-шаралар кезінде тамақтан улануға әкелуі мүмкін.
Мереке қарсаңында мамандар рұқсат етілмеген жерлерден үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өнімдердің жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын және қаптамасының бүтіндігін тексеру маңызды. Сондай-ақ, ауызсу мәселесіне ерекше көңіл бөлген жөн – тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет.
Мереке кезінде сауда ұйымдастыратын кәсіпкерлер санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Өнімдерді қажетті температурада сақтайтын арнайы контейнерлерде тасымалдау қажет. Дайын тағамды үш сағат ішінде сатуға болады, ал дастарқанға бір реттік ыдыс қолдану ұсынылады. Барлық қызметкерлердің медициналық кітапшалары болуы және жеке гигиена талаптарын сақтау маңызды.
2024 жылы жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Алайда, жыл басынан бері облыста ботулизмнің 1 оқиғасы тіркелді, 2 адам зардап шекті. Олар инфекциялық ауруханада екі апта бойы қарқынды ем қабылдап, кейін амбулаториялық емдеуге шығарылды.