Жексенбі, 1 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Мемлекет ісіне жастардың араласуы қуантады

3 Қазан, 2024
Мемлекет ісіне жастардың араласуы қуантады
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Байырғы бабалардан қалған «Жас келсе – іске» деген сөздің еліміздегі мемлекет басқару, заң шығару, өзге де ел тағдырына жауапты салаларда нақты көрініске айнала бастауы бізді шынымен қуантады. Ел ертеңі саналатын жастарымыздың халық тағдырына жауапты салаларда еңбектеніп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатын дұрыс жүзеге асыру ісінде белсенділік танытуы да әділетті қоғам орнатуға талпынған еліміздің бір жетістігі деп санауға негіз  болары сөзсіз.

Бұл жайтты бүгінгі өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарының ІІ республикалық форумында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде атап өтті.  «Ашығын айтсақ, бұрын саяси партиялар түрлі санаттағы азаматтармен жұмысқа көп көңіл бөлмейтін. Заңмен талап еткеннен кейін ғана мән бере бастады. Мысалы, партиялық тізімде жастарға арнайы квота бөлінді. Бұл шешім олардың қоғамдық-саяси үдеріске араласуына жол ашып берді. Бұрын мәслихаттағы жас азаматтардың үлесі 2 пайызға да жетпейтін. Қазір заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде бұл көрсеткіш еселеп артты деуге болады. Бүгін де ортамызда көптеген жас депутаттар отыр. Олар түрлі мінберден жастарға қатысты өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүр. Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті. Елімізде қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әйелдердің құқығын қорғауға баса назар аударылып жатыр. Осының бәрі реформаның нақты нәтижесі екені сөзсіз», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын арттыра түсу керектігін де баса айтты.

Демек алдағы уақытта кәсіби тұрғыда шыңдалған, халық пен билік арасына алтын көпір бола білетін, жергілікті бюджеттің дұрыс жұмсалуын қатаң қадағалайтын мәслихат депутаттарына деген халық сенімі де нығая түспек.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын маған біреу «Парламенттің төрінде елдің сөзін сөйлейсің» десе өзге түгіл өзім сенбейтін едім. Қазір сол өзгерістердің ортасында жүрмін. Кезінде көшеде, монументтің маңында айтылатын халықтың сөзі бүгін Мәжілістің мінберінен айтылуда. Бұрынғы қасаң қағидалар, қатып-семген түсініктер келмеске кетті десем артық айтқандық емес. Қазіргі Мәжіліс пен мәслихаттарға халықтың сөзін сөйлей алатын, ұлтты ұйыстыра білетін азаматтар шоғырланған», – деген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытовтың сөзі ел ертеңіне деген жастардың сенімін нықтай түспек.

Медет МҰҚАТАЙ,

Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Алдыңғы мақала

Шекарашыларға Сібір жарасының сақтану жолдары жеткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етейік»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
699
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.