«Мен Болысбекова Арайлым 20 қарашада өтетін Президент сайлауына қатысуға, дауыс беруге дайынмын. Мен өз таңдауымды жасадым, таңдаған Президентім ел сенімін ақтайды деген ойдамын және соған сенемін. Сіздерді де сайлауға қатысуға, өзімізге керекті адамды таңдауға шақырамын. Тағдырымызды сеніп тапсыруға болатын, мемлекет тізгінін ұстауға лайықты адамға дауыс берейік. Жасасын Қазақстан!», – дейді аудандық медицина саласының қызметкері.