Мемлекеттік гранттар беруге келесі басым бағыттар бойынша Конкурс жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор | Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді) |
1. 1 | Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау | Инклюзивті қоғамды дамыту | Қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 705 мың адамның — 421,5 мыңы (59,8%) еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 181,9мыңы (25,8%) зейнеткер жасындағы және 101,6 мыңы (14,4%)18 жасқа дейінгі балалар.
«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың» деректеріне сәйкес мүгедектік, мүгедектігі бар адамдардыңқұқықтарын қорғау мәселелерінде қоғамға білім берудің төмен деңгейі байқалады.Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім алу, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр. |
Әр грант сомасы –
5 420 мың тг
Жалпы сомасы– 54200мың тг
|
10 қысқа мерзімді грант
|
Нысаналы индикатор(әр грант бойынша):жобаны іске асыру шеңберінде тиісті өңірде мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан қоғамға бейімделген мүмкіндігі шектеулі адамдардың кемінде 20%-ы. Күтілетін нәтиже(әр грант бойынша):1) түрлі мәселелер бойынша кем дегенде 20 мүмкіндігі шектеулі адамға консультациялық қызметтер көрсету;2) жобаны іске асыру шеңберінде қоғамға бейімделген мүмкіндігі шектеуліадамдардың кемінде 5 табысты тарихын құру;3) кем дегенде 20 мүмкіндігі шектеулі адамның білімі мен құзыретін арттыру;4) мүмкіндігі шектеулі 5 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. |
— |
2. 2 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту | Елді одан әрі дамыту үшін азаматтардың азаматтық бастамаларға қатысуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуымен өңірлерді дамыту қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда өңірлік ҮЕҰ дамуында елеулі диспропорциялар байқалады. Мысалы, ҮЕҰ-ның тек 13%-ы ғана ауылдық болып табылады, бұл ретте Қазақстандағы ауыл халқыныңүлесі 40,4%-ы құрайды. | Әр грант сомасы –
5 420 мың тг Жалпы сомасы – 65 040 мың тг |
12 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор(әр грант бойынша): тиісті аумақты басқаруда еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық халқының кемінде 20%-ын жандандыру. Күтілетін нәтиже(әр грант бойынша):1) жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуымен кемінде 2 нақты проблеманы анықтау және шешу;2) жергілікті қоғамдастықтың түрлі мәселелерін шешу бойынша кемінде 2 тұрақты бастамашыл топ құру;3) азаматтардың жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге қатысуының оң кейстерін (success story) әзірлеу. |
— |
3. 3 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Қайырымдылық саласын дамыту және танымал ету | Қазақстандағы қайырымдылық фрагменттік сипатқа ие және көп жағдайда тікелей қайырымдылық түріндегі біржолғы акция ретінде қарастырылады (мысалы, мереке қарсаңында балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде мұқтаж жандарға көмек көрсету). Алайда, мұндай бір реттік көмек қайырымдылық ұйымдарының тұрақты қызметіне ықпал етпейді, бенефициарлар арасында қолдау алуда теңсіздік туғызады, өйткені қайырымдылық негізінен ірі қалалармен шектеліп, өңірлер мен ауылдық жерлерге жетпейді.
Зерттеу нәтижелері қайырымдылықты жеке түсінудің институционалдық түсінікке үстемдігін көрсетеді. Халық үшін әлі күнге дейін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, орта және шағын бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық бірлестіктерге қарағанда әлеуметтік қолдаудың негізгі жеткізушісі мемлекет болып табылады. Қайырымдылық мәдениеті жеткіліксіз дамыған. |
2023 жыл – 17 204 мың тг
2024 жыл – 17 204 мың тг
|
1 орта мерзімді грант
|
Нысаналы индикатор: жыл сайын100-ден кем емес қайырымдылық ұйымдарын тарта отырып, қайырымдылық қызметін жандандыру. Күтілетін нәтиже:1) қазақстандықтар арасында қайырымдылық мәдениетін қабылдауды және жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық қызметіне қатысу деңгейін өлшеуді жүргізу;2) SMM арқылы қайырымдылық көмек көрсетудің табысты практикаларын насихаттау, бейнероликтер дайындау, материалдар жариялау;3) өңірлік және республикалық деңгейлерде қайырымдылық саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасу. |
— |
4. 4 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Қоғамдық кеңестер институтын дамыту | Сарапшылардың пікірінше, қоғамдық кеңестер институты өз пікірлерін білдіру және мәселелерді шешу үшін азаматтық қоғамды шоғырландыру нүктесі болуға арналған. Қазіргі уақытта ел бойынша түрлі деңгейдегі 256 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Заңнамаға сәйкес 2021 жылы қоғамдық кеңестердің 233(91%) құрамы жаңартылды. Осы құрамдағы азаматтық қоғамның өкілдігі орта есеппен 86% құрады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманың деректеріне сәйкес респонденттердің 43,8%-ы өз қызметінің формальды сипатын атап өтеді, азаматтардың хабардар болу деңгейі небәрі 29%-ы құрады. Респонденттердің 41%-ы қоғамдық кеңестер қызметін жақсартудың тиімді қадамдарының бірі – азаматтардың қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру деп санайды | 2023 жыл – 34 188мыңтг
2024 жыл – 34 188мыңтг
|
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор: қоғамдық кеңес мүшелерінің кемінде50%-ның әлеуетін арттыру. Күтілетін нәтиже:1) барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;2) www.kazkenes.kz интернет-порталын танымал ету, азаматтардың қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін оның мүмкіндіктерін пайдалану;3) қоғамдық кеңестердің нақты қызметі туралы азаматтарды хабардар ету бөлігінде қоғамдық кеңестер мүшелерін әлеуметтік желілерде жандандыру;4) барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер қызметінің оң практикаларын жүйелеу және стади-турларды ұйымдастыру арқылы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер арасында тәжірибе алмасу. |
— |
5. 5 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру | 2022 жылғы әлем елдеріндегі құқық үстемдігінің жыл сайынғы рейтингінде (World Justice Project) Қазақстан 140 елдің ішінде 65-ші орынға ие болды, онда санаттардың бірі – адамның негізгі құқықтарын сақтау болып табылады. Мәселен, ҚР құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері өзекті болып қала береді. Конституцияда белгіленген негізгі құндылықтарға сәйкес құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарда құқықтық әлеуметтік белсенді мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында құқықтық насихат пен құқықтық біліммен байланысты жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет. Сондай-ақ, Азаматтық қоғамды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында демократия жағдайында азаматтық қоғамды толыққанды қалыптастыру мен дамыту шарттарының бірі азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сақтау және қорғау мүмкіндіктері мен тетіктерінің болуы, сондай-ақ мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын жоғары құндылық ретінде тануы және қорғауы болып табылатыны атапөтіледі. | 2023 жыл –24 450мың тг
2024 жыл – 24 450мың тг
|
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде азаматтардың, оның ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтардың құқықтарын сапалы іске асыру үшін табысты модельдер құру. Күтілетін нәтиже:1) азаматтарды, оның ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарды, құқықтарды қорғаудың практикалық тәжірибесін және мүмкіндіктерді іске асыруды қамтамасыз ету;2) қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың іс-қимыл кезеңдерін әзірлеу, сынақтан өткізу және тарату;3) азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жұмыс істейтін модельдерді масштабтауға дайындау. |
— |
6. 6 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Медиация саласын дамыту | Мемлекет басшысы дауларды шешудің баламалы тәсілдерін, яғни мемлекеттің қатысуынсыз дамыту қажеттігі туралы үнемі айтып отырады. Мұндай институттар дамыған елдерде жақсы жұмыс істейді. АҚШ пен Сингапурда даулардың 90%-ы соттан тыс шешіледі. Жүргізілген талдауға сәйкес, Қазақстанда медиаторлардың дауларды сотқа дейінгі реттеуі жыл сайын артып келеді. Медиатор дауларды шешеді және экономикалық даулар, азаматтық-құқықтық қатынастар, неке-отбасылық қатынастар, мүлікті бөлу, қылмыстық істер бойынша, жол-көлік және т.б. түрлі салалардағы тараптарды бітімгершілікке келтіреді. Қазақстанда 50-ден астам медиаторлар ұйымы және облыстар бойынша түрлі медиаторлар ұйымдарының өкілдіктері тіркелген. Сонымен қатар, өңірлерде медиация өте біркелкі дамымаған. Ол бойынша бірқатар облыстар көш бастап тұрса, ал басқалары артта қалып отыр (соның ішінде халықты медиация рәсімінің мүмкіндіктері туралы хабардар ету өлшемшарты бойынша). Сондай-ақ, баяндамаға сәйкес, медиация қызметтерін көрсету сапасына байланысты себептердің ішінде респонденттер кәсіби емес медиаторлардың қызмет көрсету сапасының төмен деңгейін (39%) негізгі себептерге жатқызған. | 2023 жыл – 32 144 мың тг
2024 жыл – 32 144 мың тг
|
1 орта мерзімді грант
|
Нысаналы индикатор: Медиация тәртібімен аяқталған істердің үлесі 30% -ы құрайды Күтілетін нәтиже:1) халықтың әртүрлі топтары арасында «Медиация туралы» заңды түсіндіру жөнінде жұмыс жүргізу;2)барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан, елордаданкәсіби медиаторларды, қоғамдық медиаторларды, судьяларды оқытуды ұйымдастыру;3) медиацияны қолданудың негізгі проблемаларын анықтау;4) медиаторлармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;5) диалог алаңдарын ұйымдастыру және медиацияны одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. |
— |
7. 7 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастардың қоршаған әлемге экологиялық және этикалық жауапты қарым-қатынасын дамыту | Экологиялық жауапты қарым-катынас қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоршаған ортаға немқұрайлы қарау ұзақ мерзімді перспективада негативті әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі.БҰҰ-ның жаһандық деңгейінде экологиялық, әлеуметтік және экономикалық компоненттердің синергиясын білдіретін 2030 жылға қарай қол жеткізуге болатын 17 орнықты даму мақсат қабылданды.Ұлттық деңгейде қоршаған ортаның нашарлауын және жануарларға қатыгездік жағдайларының жиілеуін ескере отырып, 2021 жылы жаңа «Экологиялық кодекс»«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»Заңы қабылданды.Бұл ретте қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістерді іске асыру үшін құқықтық негіз құру экологиялық құндылықтарды және өсіп келе жатқан ұрпақ арасында жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарын ілгерілетуді ынталандырмай қандай да бір оң нәтиже бермейді. | 2023 жыл – 33 000 мыңтг 2024 жыл – 33 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:экологиялық мәдениеттен хабардар жастар санын 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға арттыру. Күтілетін нәтиже: экологиялық және мемлекеттік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, оның ішінде республикалық конкурстар, марафондар мен экоакциялар ұйымдастыру арқылы жастарды патриоттық тәрбиелеу.Қоршаған ортаға құрметпен қарауды насихаттау. |
|
8. 8 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамыту | Түрлі форматтарда өткізілетін зияткерлік ойындар – бұл жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын сапалы игеруге негізделген эрудиция деңгейін арттыруды ынталандыратын, сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдерінің тарихының түрлі кезеңдерінде қоғамдық, мәдени немесе экономикалық өмірді дамытудың мәселелері туралы қатысушылардың хабардарлығын арттыратын, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытатын білімді жастар үшін бос уақыттың өзекті форматы.Осы үрдісті ілгерілету мемлекеттік тілді қолдану тұрғысында дәл қажет, өйткені осыған ұқсас форматтар Қазақстанның және басқа елдердің ірі қалаларында ағылшын, француз, неміс немесе корей тілдерін ілгерілету үшін (осы тілдерде ойындар өткізу кезінде), сондай-ақ жастардың назарын белгілі бір тақырыптарға (тақырыптық ойындар өткізу арқылы) бағыттау үшін сәтті қолданылады. | 2023 жыл – 50 000 мыңтг 2024 жыл – 50 000 мыңтг 2025 жыл – 50 000 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:мемлекеттік тілде өнер көрсететін КТК жастар құрамаларының санын өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға арттыру. Күтілетін нәтиже:этникалық топтардың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыру. | 1 дана компьютерлік техниканың болуы. |
9. 9 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру | 2022 жылғы «Қазақстан жастары» зерттеуіне сәйкес, қаңтар оқиғаларының салдарын жастардың басым бөлігі негативті бағалайды. Жас ұрпақтың жартысынан көбі алаңдаушылық пенқорғансыздық сезімдерін бастан кешірді (53,0%). Респонденттердің шамамен 41% және 39% сәйкесінше мемлекеттік билік органдары мен құқық қорғау органдары мен армияға деген сенім деңгейінің төмендегенін атап өтті.Бұл жағдай қоғам үшін елеулі сын-тегеурін болып табылады және жастар ортасында қарулы күштер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің оң имиджін нығайту үшін нысаналы ықпалды талап етеді. | 2023 жыл –33 000 мыңтг 2024 жыл – 33 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор: 2022 жылғы деңгейге қатысты жастардың құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден құқықтық қорғалу деңгейін және құқықтық сауаттылығын арттыру. Күтілетін нәтиже: жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту үшін нысаналы ықпал ету. |
|
10. 10 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен табысты жастар өкілдерін насихаттау | Мемлекеттік бастамаларды ілгерілету мен жүзеге асыруға қазақстандық жастардың ең белсенді өкілдерінің пулын құру.Жоғары бәсекеге қабілетті қазақстандықтардың бұл пулы мемлекеттік бастамаларға қоғамдық қызығушылықты ояту және қоғам мен мемлекет игілігі үшін позитивті, біртіндеп жетістіктер мен үздіксіз, күнделікті еңбек бейнесін нығайту үшін өскелең ұрпақ үшін рөлдік модельдер ретінде ілгерілей алады. | 2023 жыл – 12 000 мыңтг2024 жыл – 12 000 мыңтг | 1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:тиісті сала мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін дарынды адамдардың ерекше еңбегін ынталандыру және тану, әр жылдардағы лауреаттарды танымал ету. Күтілетін нәтиже: түрлі салада жоғары бәсекеге қабілетті жас көшбасшылардың пулын құру. |
|
11. 11 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастардың репродуктивті денсаулығын профилактикалау және қолдау мәдениетін ілгерілету | 2022 жылғы «Қазақстан жастары»әлеуметтанулық зерттеуінің қорытындысы бойынша жастардың тек 29%-ы репродуктивті денсаулықтың не екенін жақсы білетіні анықталды. Ауылдық жерлерде жастардың шамамен 73,7%-ы бұл туралы хабардар етілмеген немесе үстірт хабардар етілген.Репродуктивті денсаулықтың ерекшелігі – бұл тақырып көбінесе халықтың белгілі бір топтары арасында тыйым салынған. Сонымен қатар,жыныстық тәрбиежәне репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы ақпараттың болмауы, тікелейхабар беру арналарының болмауы және осы тақырыптың жабықтығы айтарлықтай негативті салдарға әкелуі мүмкін.Атап айтқанда,жастар ортасында ерте жүктілік, ЖЖБИ аурулары, түсік түсіру және т.б. жағдайлардың көбеюі.Демографиялық саясаттың Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығын назарға ала отырып, жастардың жыныстық тәрбиежәне репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру өте маңызды. Бұл міндетті іске асыру үшін қоғамдық сұранысты ынталандыруға және жұмылдыруға бағытталған толыққанды эдвокаси-науқан жүргізу қажет.Бұл ретте «теңнен теңге дейін» қағидаты бойынша жастардың хабардарлығын этикалық арттыруда озық әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу қажет. | 2023 жыл – 45 000 мыңтг 2024 жыл – 45 000 мыңтг 2025 жыл – 45 000 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналы индикатор:2022 жылғы деңгейге қатысты репродуктивті денсаулық мәселелері туралы жастардың хабардарлық деңгейін арттыру. Күтілетін нәтиже: жастардың сексуалдық және репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттырудың әлемдік озық тәжірибесін зерделеу және енгізу. | — кемінде 3 компьютер, 1 ақ-қара принтер, 1 түрлі-түсті принтер, 1 сканер, 1 фотокамера, 1 бейнекамераның болуы. |
12. 12 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Алаяқтық схемалар мен «инфобизнесмендерді» әшкерелеу арқылы алаяқтықтыпрофилактикалау және қаржылық сауаттылықты арттыру | Лудоманияның әлеуметтік зұлымдық ретіндегі мәселелерінің күшеюі және қаржылық сауаттылық деңгейі төмен жастарда борыштық жүктеменің үлкен және уытты көлемін қалыптастыру үрдісінің сақталуы бұрын қолданылған тәсілдердің дәрменсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты әртүрлі алаяқтық схемаларды(«желідегі супермаржиналдыбизнес», «инфобизнесмендік», каперлікжәне ақылы/біріктірілген спорттық мөлшерлемелер және т.б.)жарияайыптауға мен келемеждеуге бағытталған неғұрлым нақты жұмыс жүргізу қажет.Сонымен қатар, нақты, ықтимал немесе алаяқтық әрекетке бейім адамдардың шеңбері біртекті емес болғандықтан, кейбір жеке адамдарға назар аудармай, алаяқтық жоспарды анықтауға баса назар аудару қажет. | 2023 жыл –30 000 мыңтг 2024 жыл – 30 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда жастардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.Күтілетін нәтиже: мемлекеттік органдар, банк секторы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен түрлі алаяқтық схемаларды анықтау, көпшілік алдында әшкерелеу және келемеждеу. | |
13. 13 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жас ұрпақтарда психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін дамыту | Әлеуметтік мазасыздық әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерінің белгілі бір құрылымын көрсете отырып, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Екі жыл ішінде негативті жаһандық және аймақтық эпидемиологиялық жағдай қоғамның моральдық-психологиялық жағдайына қатты қысым жасады. Әлеуметтік-экономикалық экожүйені қалпына келтірумен қатар, әлемнің басқа елдері сияқты Қазақстан алдында пандемиядан туындаған қоғамның психологиялық жарақаттарын қалпына келтіру және оңалту мәселесі тұр.Бұл мәселені шешу психологиялық көмекке жүгінудің әлсіз мәдениетімен, халықтың қалың жігі үшін мұндай қызметтердің қол жетімсіздігімен және/немесе олардың сапасының төмендігімен, сондай-ақ қоғамның әлсіздік, эмоционалдылық пен сезімталдық көріністерінетөзімсіздігімен қиындайды.Мұның бәрі азаматтық қоғам, психологтар мен психотерапевттердің кәсібиқоғамдастығы,мемлекет және басқа да стейкхолдерлер тарапынан жедел және бірлескен шешімді талап ететін міндеттер кешені болып табылады. | 2023 жыл – 45 000 мыңтг 2024 жыл – 45 000 мыңтг 2025 жыл – 45 000 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналы индикатор:2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда жастардың өз болашағына алаңдаушылығының төмендеуі. Күтілетін нәтиже:Жастардың психологиялық денсаулығын нығайту.Жас ұрпақтың психологиялық көмекке жүгіну мәдениетінің деңгейін арттыру. | — кемінде 3 компьютер, 1 ақ-қара принтер, 1 түрлі-түсті принтер, 1 сканер, 1 фотокамера, 1 бейнекамераның болуы. |
14. 14 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастардың әртүрлі жас санаттары үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру | Жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және сапалы уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасау өте маңызды. 2022 жылғы «Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес жас ұрпақ негізінен әлеуметтік желілерде уақыт өткізеді (71%), фильмдер мен түрлі бейнелерді көреді (41%). Әртүрлі созылмалы ауруларға әкелуі мүмкін мұндай пассивті ойын-сауық түрлері бос уақыт инфрақұрылымының болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты болуы мүмкін.Осыған байланысты жастардың әртүрлі санаттарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап беретін жайлы, инклюзивті және эргономикалық қоғамдық кеңістіктер құрудың халықаралық және жергілікті тәжірибелерін зерделеу қажет. Бұл тәжірибелерді урбанистика, қатысу бюджеттері, бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі және т.б. саласындағы бастамалармен және жобалармен ынтымақтастық арқылы ілгерілетуге болады. | 2023 жыл – 30 535 мыңтг 2024 жыл – 30 535 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:2022 жылмен салыстырғанда жастардың қоғамдық кеңістіктерге және өңірлік жастар саясатына қанағаттану деңгейін арттыру.Күтілетін нәтиже: Жастардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлы, инклюзивті және эргономикалық қоғамдық кеңістіктер құру | |
15. 15 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу | ҚАЖК деректері бойынша 2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайына бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың саны 34 139 құрайды, бұл ретте Қазақстандағы пробация қызметтерінің есебінде сол кезеңге 31 736 адам болған.2021 жылы жасалған барлық қылмыстардың 37%-1 16 мен 29 жас аралығындағы қылмыскерлер жасаған, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 1,5%-ға төмен.Бұл үрдіс бас бостандығынан айыру орындарында қамауда ұстаудың нақты мерзімін өтеген жастарды оңалтуға және қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесуге бағытталған азаматтық бастамаларды мақсатты қолдау арқылы бекітілуі қажет.Бұл тұрғыда қайта әлеуметтендіру және оңалту ұғымдары қазіргі қоғамда цифрлық, құқықтық және қаржылық сауаттылыққа байланысты өмірлік маңызды дағдыларды, тұрақты жұмыспен қамтуды және/немесе кәсіби тәжірибені алу үшін базалық дағдыларды, сондай-ақ орта, кәсіптік және академиялық білім алудың қазіргі мүмкіндіктері туралы түсініктерді алуды қамтиды.Сонымен қатар, АУЕ-мәдениетті романтизациялау мен мифологизациялауды жоюға, оның дәстүрлі емес діни және экстремистік бастамалармен немесе ұйымдармен бірігуіне жол бермеуге, сондай-ақ қылмыстық ортадағы өзара сенімсіздік, сатқындық, ашкөздік, нашақорлық мәдениетінің бейнелерін және Қазақстанның құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық арқылы олардың кінәсін ішінара өтеу мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған шаралар кешені жүргізілуге тиіс. |
2023 жыл – 30 000 мыңтг 2024 жыл – 30 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:қылмыстық жазасын өтеген жастардың бейімделу және әлеуметтену деңгейін арттыру, оның ішінде қылмыстық жазаны өтегендердің қатарынан 3000-нан кем емес жастарға заңгерлік және жобаныңнысаналы тобына арналған психологиялық консультациялар беру, тұрғын үй алу мәселелері бойынша кемінде 3000 консультация беру. Күтілетін нәтиже: бас бостандығынан айыру орындарында нақты мерзімдерін өтеген жастарға орта, жоғары немесе академиялық білім алуға, содай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу, тұлғалық өсу мәселелері бойынша мүмкіндіктер беру. |
|
16. 16 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Қалалық, ауылдық елді мекендерде жастарды шешім қабылдауға тарту және ілгерілету | 2022 жылғы «Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелері бойынша жастар саясатының қалай іске асырылатынына жастардың қанағаттану деңгейі өсу үшін елеулі әлеуетке ие екендігі анықталды. Қанағаттанушылықты (толық қанағаттанған/қанағаттанбағаннан гөріқанағаттанған) атап өткен респонденттердің үлесі 45,3%-ы құрады, қанағаттанбаушылықты білдіргендер – 23,8%.Әрбір төртінші респондент (24,8%) «мемлекеттік жастар саясаты туралы ештеңе білмейтінін» атап өтті.Мәселен, жастарға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу кезінде жастардың өзі әзірленетін шешімдер мен тәсілдер туралы, сондай-ақ жалпы алғанда қандай да бір проблемалардың болуына қатысты пікірі ескерілмейді.Осыған байланысты жастарды қоғамдық талқылауға, консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы мен құрамдарына сапалы және жүйелі, тұрақты тартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды кейіннен іске асыру үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті жастар өкілдерінің құзыреттері мен әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асыру қажет. | 2023 жыл – 32 000 мыңтг 2024 жыл – 32 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:өткен жылмен салыстырғанда жастар саясатының іске асырылу барысына жастардың қанағаттануын10%-ға арттыру.Күтілетін нәтиже: қалалық елді мекендердің тұрғындары арасында жергілікті және республикалық деңгейлерде шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкіндіктері туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру. | |
17. 17 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасында ақпараттық сауаттылықты дамыту | Цифрға дейінгі дәуірде ақпараттың негізгі таратушысы БАҚ болды. Цифрлықшынайылықта қарым-қатынастың әрбір қатысушысы хабарламаны өзгертіп қана қоймай, оны тұтынушылардың шексіз санына бере алады. Жаңа ақпараттық шынайылықжастардың жаңа бейімділігін қалыптастырады, сәйкесінше ақпарат алудың негізгі көздері де түбегейлі өзгеруде. Жаңа медианың қазақстандық жастардың өміріндегі маңыздылығын зерттеу нәтижелері де растайды. Осылайша, атап айтқанда,бұл әлеуметтік желілерде наразылықты білдіру жастардың едәуір бөлігі елдегі жағдайға наразылықты білдірудің тиімді және қолайлы әдісі деп санайды. | 2023 жылға – 29 150 мыңтг 2024 жылға – 29 150 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:жастардың ақпараттық сауаттылығы мен медиа-сауаттылық деңгейін арттыру.Күтілетін нәтиже: өткен жылдармен салыстырғанда қазақстандық интернет сайттарды, республикалық телеарналарды қолданушы жастар санының артуы. | |
18. 18 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ауылдық аумақтардажастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу | Бизнес дағдыларының жетіспеушілігімен, қарыз қаражаттарының қымбаттығымен, кепіл базасының жетіспеушілігімен және т.б. байланысты бастаушы және жас кәсіпкерлер кездесетін дәстүрлі проблемалар ауылдық жерлерде өте көкейтестікөрінеді.Бұл ретте мемлекет тарапынан неғұрлым қолайлы іскерлік ахуал жасауға бағытталған, оның ішінде ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін бірқатар шаралар қабылдануда, бірақ мұндай мүмкіндіктер туралы хабардар болу деңгейі бір жағынан – жеткіліксіз, екінші жағынан – жүйелі негізде зерттелмеген.Осыған байланысты бастаушы жас кәсіпкерлердің мемлекеттің күш-жігері есебінен де, жеке жергілікті және ұлттық бастамалар тәртібімен де құрылатын мүмкіндіктер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мәселесі аса маңызды болып табылады. | 2023 жылға – 30 000 мыңтг 2024 жылға – 30 000 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:жастардың еңбек нарығының қажеттіліктері, кәсіби мансап саласындағы әлемдік үрдістер, гранттар алу мүмкіндіктері және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болуын өткен жылдармен салыстырғанда 10%-ға арттыру. Күтілетін нәтиже: «Бір терезе» қағидаты бойынша NEET санатындағы жастар саны көп өңірлердегі ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы іскерлік ахуал құру. |
|
19. 19 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Грант беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз етіп, «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі пилоттық жобаны (кооперативтер құру) іске асыру | ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректері бойынша, пандемия кезінде еңбек нарығы тұтастай тұрақтылықты сақтап қалды және жұмыссыздар санының көбеюінежол берілмеді, алайда карантиндік шектеулер «уақытша жұмыссыздар» санының өсуіне алып келді. Экономикалық әрекеттің барлық түрі бойынша, әсіресе құрылыста (2019 ж. – 144,8 мың адам, 2020 ж. – 148,5 мың, 2021 ж. – 149,6 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (2019 ж. – 250,2 мың, 2020 ж. – 246,1 мың, 2021 ж. – 248,0 мың), өнеркәсіпте (2019 ж. – 232,5 мың, 2020 ж. – 213,3 мың, 2021 ж. – 226,6 мың) жастар арасында жұмыспен қамту сан жағынан төмендегені байқалады. 2001 жылы 828,2 мың адам болған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы азайғанын мемлекеттік бағдарламалардың (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту) тиімділігімен түсіндіруге болады. | 2023 жылға – 371 963 мыңтг 2024 жылға – 371 963 мыңтг 2025 жылға – 376 752 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналы индикатор:— әлеуметтік кіші жобаларды іске асыруға жыл сайын конкурстық негізде 1 млн теңгеден кем емес 250 шағын грант бөлу;- ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;- жас қатысушыларға кәсіп ашуға қажетті көмек көрсету (үй-жайларды, жабдықтарды, көлікті жалға алу және т.б.).Күтілетін нәтиже:250-ден кем емес жас адамдарға кәсіп ашу немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік осал жастарға қызмет көрсету арқылы жас кәсіпкерлер кооперативтерін құру. | — кемінде 3 өңірде кемінде 100 шаршы метр офистің немесе жалға берілетін үй-жайдың болуы;1 бірлік автомобиль, кемінде 5 дана компьютер, 5 данаақ-қарапринтер, 5 дана түрлі-түсті принтер, 5 данасканер,1 данафотокамера, 1 данабейнекамераның болуы. |
20. 20 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту | 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда барлық жерде Отбасын қолдау орталықтарын құру көзделген.Орталықтар отбасын жоспарлау мәселелеріне елеулі үлес қосады және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жұмыс істейдідеп күтілуде.Сонымен бірге бүгінгі күнге дейін олардың жұмысының әдіснамасымен жүйесі құрылмаған. Бұл орталықтардың жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті мамандардың біліктілігі мен саны туралы нақты пайымы жоқ.Орталықтардың қызметкерлерін жүйелі түрде оқытатын, жұмысын үйлестіріп, бағалайтын ұйым жоқ.Осыған байланысты ұзақ мерзімді гранттық қаржыландыру шеңберінде белгіленген мәселелерді шешу үшін бірыңғай сақтандыру серіктесін 3 жылға айқындау жоспарлануда. | 2023 жылға – 54 420 мыңтг 2024 жылға – 54 420 мыңтг 2025 жылға – 54 420 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналыиндикатор:жыл сайын отбасын қолдау орталықтарымен қамту – тіркелген орталықтардың жалпы санының кемінде 90%-ы.Күтілетін нәтиже:отбасын қолдаудың модельдік орталығы анықталды, оның негізінде түрлі өмірлік жағдайларда отбасылармен жұмыс істеу әдіснамасы әзірленіп, сынақтан өткізіледі;отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру жүргізіледі; есепті ұсына отырып, жобаның басында, процесінде және қорытындысы бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін бағалау.Іске асырылып жатқан гранттық жоба шеңберінде ашықтық пенесеп берушілік қамтамасыз етілді. |
— 3 өңірде кемінде 100 шаршы метр меншіктінемесе жалға алынған үй-жайлардың болуы;1дана проектор, 5данаданкем емес ноутбук немесе стационарлық компьютер, 2 данадан кем емесақ-қара принтер,1 дана.түрлі-түсті принтер, жоба басшысы мен қызметкерлер үшін кемінде 2 данақалааралық немесе қалалық байланыс үшін нөмірі бар стационарлық телефонның болуы. |
21. 21 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2021 жылы отбасылық-тұрмыстық салада жасалған 1043 құқық бұзушылық (2020 жылы – 1072), отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық – 502 құқық бұзушылық тіркелген (2020 жылы– 443).Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтар саны бойынша жоғары деңгей Шығыс Қазақстан (141), Алматы (131) және Қарағанды (110) облыстарында, төмен деңгей – Атырау (9), Қызылорда (16) және Маңғыстау (18) облыстарында сақталады. | 2023 жылға – 14 520 мыңтг 2024 жылға – 14 520 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:жыл сайын жалпы қамту – Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарындағы агрессорлар мен олардың отбасыларының 50%.Күтілетін нәтиже:моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту және нысаналы топтағы (жобамен қамтылған отбасыларда), оның ішінде агрессормен жұмыс істеу арқылы рецидивтердіазайту.Есеп беру арқылы жобаның басында, процесінде және соңында орындалған жұмыстың тиімділігін бағалау. Жүргізіліп жатқан гранттық жоба шеңберінде ашықтық пен есеп берушілік қамтамасыз етілді. | |
22. 22 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету | Мүгедек балалары бар отбасылар көбінесе қоғам мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж.Қазақстанда 2010 жылдан 2021 жылға дейін мүгедектігі бар балалардың саны екі есеге өсіп, 98 254 адамды құрады. Балаға қиын диагноз қою, мүгедектікті белгілеу отбасы үшін үлкен стресс болып табылады, бұл көбінесе отбасының ыдырауына әкеледі.Отбасы жаңа жағдайларға бейімделуі керек, ата-аналардың бірі баламен бірге болу және оны оңалтумен айналысу үшін еңбектің икемді түрлерін іздеуге немесе жұмыс істеуденбас тартуға мәжбүр.Бұл кезеңде отбасына білікті көмек пен мемлекеттік, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдаудың, оңалтудың және қолдаудың барлық қолжетімді түрлері туралы ақпарат қажет. | 2023 жылға – 21 690 мыңтг 2024 жылға – 21 690 мыңтг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:жыл сайын қызметтер мен қолдауды тікелей қамту – кемінде 4000 мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы, еліміздің әр өңірінен кемінде 200 отбасы. Жанама қамту (ақпараттық жұмыс, телефон арқылы онлайн-кеңес беру – мүмкіндігі шектеулі балалары бар 50 мың отбасы). Күтілетін нәтиже:еліміздің үздік ғылыми және әлеуметтік мекемелерінің, алдыңғы қатарлы қоғамдық ұйымдардың және білікті мамандардың сараптамалық әлеуетін біріктіру.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша қолда бар әдістер мен институттар, мамандар туралы ақпараттық-әдістемелік базаны қалыптастыру және мүгедек балалары бар отбасыларды хабардар ету ерекше назар аударатын барлық мүдделі азаматтар мен адамдардың оған кең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Есеп беру арқылы жобаның басында, процесінде және соңында орындалған жұмыстың тиімділігін бағалау. Жүргізіліп жатқан гранттық жоба аясында ашықтық пен есеп берушілік қамтамасыз етілді. | |
23. 23 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | «Бақытты отбасы» отбасылық соттары жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру | ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша2021 жылы тіркелген ажырасулар саны 48 239-ды құрады. (2020 ж. – 48 002). Халық арасында ажырасудың өсу үрдісі байқалады.Бұл ретте тіркелген некелер саны бойынша ажырасқан неке үлесінің төмендеуі байқалады (2021 жылы – 34,4%, 2020 жылы – 37,2%). Ең көп ажырасулар Алматыда (5 281), Алматы(5 075), Қарағанды облыстарында (4 717), Астана қаласында (4 296) тіркелген. Ажырасу деңгейі Павлодар облысы мен Шығыс Қазақстан облысында да жоғары.Өткен жылдары жобаны іске асыру тәжірибесі бойынша сарапшылар Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.«Қазақстандық отбасылар – 2020» Ұлттық баяндамасына сәйкес, қазақстандықтардың пікірінше, ажырасудың дәлелді себебі тұрмыстық зорлық-зомбылық (43,2%), алкоголизм проблемалары, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы (39,7%),ерлі-зайыптылардың опасыздығы(35,8%). |
2023 жылға – 45 500 мыңтг 2024 жылға – 45 500 мыңтг 2025 жылға – 45 500 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналы индикатор:қамту – жобаны іске асыру кезінде өтініштері отбасылық соттарда қаралатын ерлі-зайыптылардың 100% Отбасын қолдау орталықтарында қолдануға мүмкіндік беру.Орталыққа жүгіну және бас тарту құжатталуы тиіс. Күтілетін нәтиже:отбасылық жанжалдарды шешу, ажырасу процестерінің негативтісалдарын еңсеру үшін отбасын қолдау орталықтарында жүргізілетін боладыпсихологтармен, заңгерлермен және әлеуметтік қызметкерлермен ерлі-зайыптыларға кеңес беру.Жүргізіліп жатқан гранттық жоба шеңберінде ашықтық пен есеп берушілік қамтамасыз етілді. Есеп беру арқылы жобаның басында, процесінде және соңында орындалған жұмыстың тиімділігін бағалау. |
— кемінде 3 өңірде кемінде 100 шаршы метр офистіңнемесе жалға берілетін үй-жайдың болуы;- кемінде 3 дана компьютер, 1 дана ақ-қара принтер, 1 дана түрлі-түсті принтер, 1 дана сканер, 1 данафотокамера, 1 дана бейнекамераның болуы. |
24. 24 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту | Дін мәселелері жөніндегі білікті мамандарды даярлау | Ақпараттық технологиялардың дамуымен Қазақстан үшін жат діни көзқарастардың таралу қаупі де артып келеді. Бүгінгі таңда радикалды және деструктивті діни ағымдардың идеологтары аудиторияға әсер етудің жаңа әдістерін қолдануда, бұл азаматтардың олардың қатарына кіру деңгейін арттырады. Осы ретте, тәжірибелі спикерлерді тарта отырып, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу арқылы дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерінің білімі мен дағдыларын ұдайы жетілдіру қажет. | 2023 жыл –38810 мың тг 2024 жыл –38810 мың тг 2025 жыл –38810 мың тг |
1 ұзақ мерзімді грант | 17 өңірде дін мәселелері жөніндегі өңірлік АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру (жыл сайын кемінде 1000 адамды қамти отырып). | — кемінде 17 өңірде іс-шараларды өткізуге арналған аудиторияның (кемінде 20 м2 болатын меншікті немесе жалға берілетін үй-жай) болуы. |
25. 25 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту | Ел жастарының экстремистік идеологияға қарсы бастамаларын ұйымдастыру және ілгерілету | Діни экстремизм мен терроризмнің таралуынпрофилактикалау мәселелеріжөніндегіақпараттық жұмыстың дәстүрлі нысандары мен әдістерімен қатар жастардың ішкі әлеуетін дамыту және пайдалану қажет. Осы орайда, оқыту семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыру арқылы деструктивті идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыру үшін жастардың бастамалары мен шығармашылық идеяларын ілгерілетуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асыру талап етіледі. | 2023 жыл –49462 мыңтг 2024 жыл –49462 мыңтг 2025 жыл –49462 мыңтг |
1 ұзақ мерзімді грант | Жастар арасында экстремистік идеологияға қарсы тұрудың инновациялық және креативті әдістерін ұсына алатын жас мамандар арасынан кәсіби спикерлерді анықтау.17 өңірден жастар арасынан жыл сайын кемінде 1500адамды (сондай-ақ жыл сайын кемінде 5000 әлеуметтік желі қолданушы жастарды)қамту | — кемінде 17 өңірде іс-шараларды өткізуге арналған аудиторияның (кемінде 20 м2 болатын меншікті немесе жалға берілетін үй-жай) болуы. |
26. 26 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту | Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу | Өңірлердегі, оның ішінде этностардың тығыз қоныстанған жерлеріндегі этносаралық ахуалға әлеуметтанулық зерттеу жүргізу кезінде тілдік және/немесе этникалық негізде кемсітушілік фактілері анықталды.Әкімдіктердің тілдік және этникалық кемсітушіліктің кез келген нысанын болдырмау жөніндегі жұмысының дәстүрлі нысандары мен әдістері тиісті нәтиже бермейді. Тиісінше, азаматтық қоғам өкілдерінің әлеуетін бір мезгілде пайдалана отырып, кемсітушілікке жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мәселелері жөнінде жұмысты жетілдіру талап етіледі. | 2023 жыл -34 300 мың тг
2024 жыл – 34 300 мың тг |
1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор:Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының әрбір елді мекенінде, оның ішінде этностар тығыз қоныстанғанжерлерде, еңбек ұжымдарында тілдік және этникалық кемсітушілік фактілеріне жол бермеу бойынша жыл сайын кемінде 3000 адамды қамти отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Күтілетін нәтиже:этностартығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалаумақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жәнеконсультация беру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар басқа да әртүрлі форматтағы іс-шаралардыұйымдастыру. | |
27. 27 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту | Азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ) этносаралық келісімді нығайту және Қазақстан халқының бірлігін сақтау жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен өзара іс-қимылын дамыту | Құрылып жатқан жағдайларға қарамастан, қазақстандық ҮЕҰ-ның Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарымен өзара іс-қимылының төмендігі байқалады. Этносаралық келісімді қамтамасыз етуге, қоғамды интеграциялауға, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне ҮЕҰ-ны белсенді тарту қажет. | 2023 жыл –35 175мың тг 2024 жыл –35 175мың тг 2025 жыл–30079мың тг |
1 ұзақ мерзімді грант | Нысаналы индикатор:Қазақстандық ҮЕҰ-ның Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарымен өзара іс-қимылын жандандыру (жыл сайын кемінде 100 ұйымды тарту, этномәдени бірлестіктерден басқа ).
Күтілетін нәтиже:1. Этносаралық келісімді нығайту жөніндегі азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасау.2. Қазақстандық ҮЕҰ-ның ҚХА құрылымдарымен өзара іс-қимылын дамыту, ҮЕҰ-ны этносаралық келісімді, қоғамды интеграциялауды, қоғамдық сананы жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған ҚХА қызметіне тарту.3. Ақпараттық агенттіктерде, баспа БАҚ-та, әлеуметтік желілерде материалдар жариялау түрінде этносаралық келісімді сақтау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына азаматтық қоғам институттарын белсенді тарту.Сондай-ақ осы бағыт бойынша Министрліктің аккаунттарына қолдау көрсету және ілгерілету. |
— кемінде 17 өңірде іс-шараларды өткізуге арналған аудиторияның (кемінде 20 м2 болатын меншікті немесе жалға берілетін үй-жай) болуы;Кемінде 3 дана компьютер, 1 дана ақ-қара принтер, 1 дана түрлі-түстіпринтер, 1 дана сканер, 1 дана фотокамера, 1 дана бейнекамераның болуы. |
2023 жылға БАРЛЫҒЫ | 1 292 751 | ||||||
2024 жылға БАРЛЫҒЫ | 1 173 511 | ||||||
2025 жылға БАРЛЫҒЫ | 735 023 |