Жұма, 13 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Мемлекеттік тіл – ұлт тұтастығының темірқазығы

11 Ақпан, 2026
Мемлекеттік тіл – ұлт тұтастығының темірқазығы
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

11 ақпан күні «Аmanat» партиясы аудандық филиалында «Мемлекеттік тіл – конституциялық кеңістікте» атты тақырыпта жастармен мазмұнды кездесу өтті. Жиын барысында мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі орны, оның құқықтық негіздері мен болашақ ұрпақ алдындағы маңызы кеңінен талқыланды.

Бұл мәселе тек тіл саясатының аясымен шектелмейтіні ерекше атап өтілді. Мемлекеттік тіл – елдің тұтастығы, ұлттық бірегейлігі, құқықтық мемлекет қағидаттары мен азаматтық жауапкершілік ұғымдарымен тікелей сабақтас. Өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – халықтың тарихи жадын, рухани болмысын, дүниетанымын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құндылық.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі. Ту, Елтаңба, Әнұран секілді, тіл де – егемендіктің айшықты символы әрі қоғамды біріктіруші қуатты күш. Ол – ортақ түсіністік пен келісімнің, ұлттық рух пен азаматтық бірліктің алтын арқауы. Конституциялық кеңістікте мемлекеттік тілдің орны ерекше екені де сондықтан. Ол заңмен бекітілген мәртебеге ие бола отырып, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қызмет етуге тиіс.

Кездесу барысында жастар тілдің құқықтық мәртебесі туралы өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту жолдары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде, білім беру жүйесінде, цифрлық кеңістікте және қызмет көрсету саласында кеңінен қолданылуы ел болашағы үшін аса маңызды екені айтылды.

Жастардың белсенділігі мен сергек ойлары бұл бағыттағы жұмыстардың жандана түсуіне серпін беретіні анық. Себебі тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ал ұлт тағдырына бейжай қарамау – әр азаматтың парызы.

Осындай мазмұнды кездесулер мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ғана емес, жас буынның құқықтық сауаттылығын күшейтіп, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға да ықпал етеді. Тілге құрмет – елге құрмет. Тілге жанашырлық – тәуелсіздікке адалдық.

Алдыңғы мақала

Горняки и металлурги поддерживают конституционную реформу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
749
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
655
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
628
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.