Басқұншы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылының тұрғыны 80 жастағы қарт сайлаушы Әбеу Әдік атамыз №687 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
«Қасиетті еліміз талай мәрте тар жол, тайғақ кешуден өткен. Елімізді әділ, адал адам билесе Қазақстанымыз мәңгілік тұрары хақ. Мен де мемлекетіміздің жақсы бағытта дамығанын қалаймын. Сол үшін келіп дауысымды бердім» — дейді қария.