Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Менингококті инфекция және алдын алу шаралары

24 Желтоқсан, 2025
Менингококті инфекция және алдын алу шаралары
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Инфекциялық патологияда менингококты инфекция маңызды орын алады, себебі сырқат бірнеше сағатта, тіпті минуттарда «жедел ағымды» түрінің дамуымен қауіпті және көп жағдайда науқасты аман алып қалу мүмкін болмайды. Менингококты инфекцияның алғашқы белгісі жиі басқа жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурулардың белгілерімен ұқсас келетіндіктен кей жағдайда ауруды анықтауға қиындық тудырады. Бұл инфекцияның зұлымдығы аурудың алғашқы клиникалық белгілері салқын тию немесе тұмау секілді.

Сырқаттанушылық жеңіл таралады, көп жағдайда берілу жолы ауа – тамшы жолдары арқылы – жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде, тығыз және ұзақ уақыт қарым – қатынаста болғанда беріледі.

Менингококк инфекциясының қоздырғышы тұрғындар арасында әртүрлі жастағы адамдарда үнемі айналымда болады. Бірақ көбінесе қоршаған ортаға эпидемиологиялық қолайсыздықты бактериотасымалдаушылар туғызады (инфекцияны дені сау адамның тасымалдауы). Көп жағдайда тасымалдаушылар ересектер, олар тіпті күдіктенбейді, керісінше балалары сырқаттанады.

Инфекцияның ең көп таралған түрі назофарингит болып табылады. Жұтқыншақтың артқы бөлігі қабынған кезде, дене қызуы біршама көтеріліп, басы ауырып, тамағы жыбырлайды, мұрны бітіп, тұмаурату белгісі пайда болады. Осындай жағдайдағы пациенттерге көбінесе жіті респираторлы инфекция нақтамасы қойылады. Бірақ аурудың уақытылы және дұрыс анықталмауы әрі қарай ми қабаттарының қабынуына әкелуі мүмкін. Дені сау кезінде аурудың жіті және қарқынды басталуы менингококты инфекцияның аралас түріне тән келеді.

Сырқаттанушылық жіті басталады. Мысалы: бала дені сап – сау болып ұйқыға жатады, ал түнде күтпеген жерден мазасыз бола бастайды, бұлшық еттерінде әлсіздік пайда болып, ауырсынуды басатын препараттарды қабылдаса да қоймайтын басының ауыруына шағымданады. Көп жағдайда бір сағаттың ішінде дене қызуы 39-40°С-қа дейін көтеріледі, 5 – 6 сағаттан соң науқасқа жеңілдік тудырмайтын құсу белгісі пайда болады. Бірақ ең қауіпті белгі, яғни негізгі көңіл аударатын белгі – бөртпенің пайда болуы. Алғашқы тәулікте 80% науқастарда ақшыл – қызғылт жұлдызшалар пайда болады, кейіннен бөртпе көбейеді. Менингиттің бұл түрі – өмірлік маңызы бар ағзаларға қанның құйылуынан токсико-септикалық шоктың дамуымен қауіпті. Бұл шок 5 – 10% науқастарда өлімнің себебі болуымен қауіпті. Сондықтан ата-аналар неғұрлым ертерек медициналық көмекке жүгінсе, соғұрлым нақтама ертерек қойылып, науқасты сақтап қалудың мүмкіндігі көбірек болады.

Менингококты инфекцияның алдын алу шаралары қандай? Менингококты инфекцияға тән алғашқы белгілер пайда болғанда шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру және науқасты жедел ауруханаға жеткізу қажет. «Жедел жәрдем» келгенге дейін науқасты оқшаулап, оның жеке бас тазалығына жеке заттарды бөліп, науқасқа тыныштықты және жақсы күтімді қамтымысыз ету қажет. Ата-аналарда салқын тию белгілері пайда болғанда, өздерінің балаларына ауру көзі болу мүмкіндігін естен шығармауы қажет. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бетперде қолдануы тиіс.

Сырқаттанып қалмау және қоршаған ортаға жұқтырмау үшін мұрын жұтқыншағының созылмалы ауруларынан – фарингит, тонзиллит, ларингиттен емделу қажет. Дәрумен және микроэлементтермен байытылған өнімдермен толыққанды тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру, зиянды әдеттің (темекі шегу) болмауы инфекцияға ағзаның тұрақты болуына әсерін тигізеді. Баламен таза ауада көбірек серуендеу, қоғамдық көліктерде жүруді шектеу, адамдар көп шоғырланған жерлерде (дүкендер, базарлар, шаштараз және т.б) ұзақ уақыт жүрмеу ұсынылады.

Қоздырғыш қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, бөлмелерді желдету, жуғыш және дезинфекциялық заттарды қолданып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу, ауаны залалсыздандыруға бактерицидтік лампаны қолдану маңызды.

Өкінішке орай көптеген ата-аналар аурудың қауіптілігін толық түсіне бермейді, мамандандырылған медициналық көмектен бас тартады. Менингококті инфекцияның кенеттен басталатынын және сырқаттың ауыр өтетінін ескерсек, аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда барынша ертерек медициналық көмекке жүгіну қажет. Себебі науқастың толық жазылуы және сырқаттың қолайлы жағдаймен аяқталуы медициналық көмекке уақытылы жүгінуге байланысты. Егер медициналық қызметкермен ауруханаға жатуға ұсыныс берілсе – келісу қажет, өйткені сіздің балаңыздың өмірі осыған байланысты.

 Асхат Чарапиев,

Жетісу облысы СЭБД басшысы.

Алдыңғы мақала

Халықты иммундау не үшін маңызды?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тұрғын үй-жайлардағы микроклимат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.