Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Өмір жолы — ұрпағына үлгі

24 Ақпан, 2025
Өмір жолы — ұрпағына үлгі
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметшісі Ербол Әбділдаев — шекарашылар қатарында үздік маман атанған жан.

Ол Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ушарал ауылының тумасы. 1975 жылы мектеп табалдырығын аттап, он жыл бойы білім нәрімен сусындады. Жасөспірім шақтан еңбекке деген құлшынысы мен жауапкершілігі ерекше болды. Кеңес Одағы кезінде Түркіменстанда әскери борышын өтеді. Әкесінің «Ер адам әскерде шыңдалады» деген сөзі санасында жаңғырып, күш-жігер берді. Бала кездегі арманы орындалып, Т-62 танкісін жүргізді. Әскерде «кіші сержант» әскери атағын алып, аға механик-жүргізуші лауазымында болды.

Үйге келген жылдың күзінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік-техникалық училищесінде оқыды. Ербол Баянұлы еңбек жолын әкесінің ізімен ауыл шаруашылығында бастады. Алдымен Ушарал колхозында тракторшы болып жұмысқа орналасты. Әкесі оған темір тұлпардың қыр-сырын үйретіп, мамандықтың қырларын меңгеруге көмектесті. Адал қызметі мен біліктілігінің арқасында 2010 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2091 әскери бөліміне қарасты «Смирновка» шекара заставасына жұмысқа орналасты. 2020 жылдан бастап инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінде бульдозерші қызметін атқарып келеді. Көп жылдық еңбегі елеусіз қалмады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік бульдозерші» номинациясын иеленді. Бұл марапат — жылдар бойғы тынымсыз еңбегінің, кәсібіне деген сүйіспеншілігінің, адалдығы мен жауапкершілігінің жемісі.

Ербол Баянұлы — елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның өмір жолы — еңбек пен ерліктің, төзім мен табандылықтың айқын көрінісі. Ол өз ісін сүйетін, отбасы мен Отаны үшін аянбай тер төгетін азамат ретінде ұрпаққа үлгі.

КР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

Қызметі мен бірлігі жарасқан ұжым

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.