Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын талаптар қандай?

29 Қыркүйек, 2025
Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын талаптар қандай?
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қонақүйлер саяхаттау және іссапарлар кезінде қажеттіліктің бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі қонақ үй бизнесі қонақтардың әртүрлі қажеттіліктері мен бюджеттерін қанағаттандыра алатын көптеген орналастыру нұсқаларын ұсынады.

Негізінен қонақүй объектілері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес эпидемиялық мәні болмашы объектілердің тізбегіне кіреді.

Бұл ретте, қонақүй объектілері эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаны объект орналасқан аумақтағы Департаменттің басқармасына www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жолдай отырып қызметтерін жүзеге асырады.

Жалпы қонақүйлер, хостелдер бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыруға болады. Бірақ жертөледе және цокольдық қабаттарда орналастыруға рұқсат берілмейді.

Қонақүйлер мен хостелдердің аумағы абаттандырылады және таза күтіп ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады.

Қонақүйде үй-жайлар бөлмелерінен басқа санитариялық торап, гардероб көзделеді, ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

Ал, хостелдерде 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен қамтамасыз етіледі. Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер қарастырылады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар тазалық сақталуы қажет, бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдарының шаңы қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.

Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылады және жуылады.

Төсек жабындыларын, сүлгі және оларды ауыстыру реті қонақүйлер сервис деңгейіне, жабдықталуына байланысты анықталады. Пайдаланылған төсек-орын жабдығы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады. Хостелдерде әр тұратын адамға төсек-орын жиыны, сүлгі көзделеді.

Қорытындылай келе, тоқтайтын қонақүйді таңдағанда, ыңғайлылыққа, қызмет көрсету сапасына және басқа адамдардың пікірлеріне назар аудару керек. Жақсы қонақ үй демалуға ғана емес, сонымен қатар сапардан жағымды эмоциялар алуға көмектеседі.

Самат Ахметов,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

Алдыңғы мақала

Білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адам папиллома вирусына қарсы егу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.