Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады

2 Наурыз, 2026
Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады
2
БӨЛІСУ
25
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған Қарулы күштер басшылық құрамының қызметтік жиналысы өтті.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамды оқытуда практикалық бағытты күшейтуді және барлық деңгейдегі командирлердің жауынгерлік дайындықтың сапасына жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің басшылығымен қолбасшылықтың жауынгерлік дайындық жүйесіндегі міндеттері, сондай-ақ басқару органдары мен әскери бөлімдерді жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіре отырып, Десанттық-шабуылдау әскерлерін кенеттен тексеру нәтижелері талқыланды.

Жылдық цикл бойынша жауынгерлік дайындық іс-шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, сондай-ақ Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы генерал-майор Анатолий Довганюк баяндама жасады. Жиында бірыңғай оқ ату курсы, жауынгерлік дайындық, дене дайындығы мәселелері пәндері бойынша нормативтер жинағын жаңарту, сондай-ақ оқу орталықтарының көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыру, барлау бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына да ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен «Пирамида», «Серіктес» және «Жауынгерлік дос» автоматтандырылған жүйелерінің жұмысы туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев баяндады. Жиналыс қорытындысы бойынша запастағы офицерлерді даярлау тәсілдерін жаңарту, резерв, барлау, тыл мен медициналық қызмет бөлімшелерінің командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламаларын жаңғырту жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ жауынгерлік дайындық деңгейін объективті бағалау және бөлімшелердің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттырудың тиімді құралы ретінде олардың рейтингін қалыптастыруға бірыңғай тәсіл әзірлеу мәселелері де өзектендірілді.

Алдыңғы мақала

Конституция перестает быть декором и становится рабочим механизмом

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.