Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

«Қорғас» пен «Достық» – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

19 Желтоқсан, 2024
«Қорғас» пен «Достық» – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері — Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, — деді Б. Исабаев.

2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда.

Өңір басшысының айтуынша, «Достық» станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Евротранс Групп» ЖШС-ның қолданыстағы логистикалық жүк тасымалдау терминалы ауданы 40 гектар және құны 50 млн. АҚШ доллары болатын уақытша сақтау қоймасын салуға дайындық жұмыстарын атқарылып жатыр. Кеден саласын одан әрі дамыту үшін осы жылдың қаңтар айында станцияда тәулігіне 200 автомобиль өткізуге қабілетті «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау жаңа терминалы ашылды.

— «Үшарал-Достық» жолын реконструкциялаудың аяқталуына байланысты халықаралық жүк айналымының легі ұлғайды және кеден пункттерін кеңейту қажеттілігі туындады. Мәселен, «Алакөл» автомобиль өткізу пунктінің қозғалыс жолағын 2-ден 6-ға дейін кеңейту жұмыстары аяқталуда, соның арқасында көлік құралдарын өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады, — деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы жүргізілуде. Жоба «Достық» станциясының өткізу қабілетін 5 есеге, яғни  12-ден 60 пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

2 миллионнан астам турист келді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

43 жаңа өндіріс іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
701
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.