Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Ораза кезінде қалай дұрыс тамақтану керек?

25 Ақпан, 2026
Ораза кезінде қалай дұрыс тамақтану керек?
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қасиетті Рамазан айында дәстүр бойынша, ораза кезінде күндізгі тамақ пен судан бас тарту керек, бұл тек рухани ғана емес, физикалық  жағынан да үлкен сынақ. Ашығу созылмалы сырқатпен ауыратындарды айтпағанда,  сау организмнің өзін күйзеліске ұшыратады. Күні бойы таңнан күн батқанға дейін ағзаға су, өмірлік маңызды қоректік заттар (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер) түсуі тоқтайтынын түсіну керек. Созылмалы аурулары бар адамдар үшін бұл тіпті зиян тигізуі мүмкін.

Қасиетті Рамазан айында тамақтану мәселесі үлкен орын алады. Бірнеше қарапайым ережелерге сүйене отырып, сіз ораза айын жаңынызға жайлы жасай аласыз.

Сәресіне (таңертеңгі ас) қорытылуына 8 сағат кететін баяу сіңетін  тағамдарды пайдалану қажет. Бұл тағамдардың қатарына ішінде кебегі бар, тұтас бидай дәндері, дәнді дақылдар, көкөністер, жасыл бұршақ,  бұршақ, бұрыш, жүгері, асқабақ, саумалдық және басқа да көк шөптер, жемістер, кепкен жемістер, кептірілген өрік, інжір, қара өрік, бадам және басқалары (яғни ішінде күрделі көмірсутегі бардың бәрі) жатады.

Ауызашар (кешкі ас) тез сіңетін болуы тиіс, алдымен құрмамен, не болмаса басқа жемістермен  ауыз ашып және жеткілікті мөлшерде су ішу керек. Бұдан  кейін тез қорытылатын тағамдарды жеу керек: көкөністер, салаттар, жеңіл сорпалар.

Жалпы тамақтану теңдестірілген, толыққанды, әртүрлі, мейлінше қарапайым болуы керек. Оған тағам өнімдерінің әр түрлі топтары кіруі тиіс: көкөністер, жемістер, ет, құс, балық, астық және сүт өнімдері. Сорпаларды дайындауды ұсынамыз және күндіз кеткен сұйықтықтың орнын толтыру үшін көбірек су ішіңіздер, оның жетіспеушілігі  бүкіл ағзаға қауіпті. Түнде организм толығымен, атап айтқанда асқорыту жүйесі демалу керек, тағамды асықпай тұтынып, шамадан тыс тойып алмау керек, сонымен қатар, тамақты қабылдағаннан кейін бірден ұйқыға жата қалмаңыз. Бұл дұрыс тамақтанудың ережесінің негізі.

Майлы және қуырылған, құрамында шамадан тыс қанты бар тағамдарды пайдаланбауға тырысыңыз. Бұндай тағамдар қорытылмай, асқазанды қыжылдатып, дене салмағына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тұзды аз қабылдаңыз, оның мөлшерден тыс болуы сұйықтықтың организмнен шығуын қиындатып, қан тамырлары жолдарын бітеуге әкеледі. Нәтижесінде ісік пайда болып, артығы қорланып, тұздың жиналуына әкеледі.

Ораза ұстау анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес балаларға, сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдерге қажет емес, бұл өсіп келе жатқан ағзаның қалыптасуына теріс әсер етуі мүмкін.

Самат Ахметов,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

 

Алдыңғы мақала

Референдум – елдегі бірлікті күшейтетін маңызды қадам

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция — тарихи сабақтастық пен саяси жаңғырудың белгісі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.