ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 16:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98%-ы бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша –55,23%
- Ақмола облысы бойынша –58,96%
- Ақтөбе облысы бойынша –56,32%
- Алматы облысы бойынша –59,45%
- Атырау облысы бойынша –48,15%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,61%
- Жамбыл облысы бойынша –64,78%
- Жетісу облысы бойынша –54,82%
- Қарағанды облысы бойынша –58,21%
- Қостанай облысы бойынша –64,81%
- Қызылорда облысы бойынша –64,95%
- Маңғыстау облысы бойынша –53,84%
- Павлодар облысы бойынша –58,43%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –63,66%
- Түркістан облысы бойынша –49,14%
- Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,09%
- Астана қаласы бойынша –38,57%
- Алматы қаласы бойынша –19,14%
- Шымкент қаласы бойынша –42,31%