«Қадірлі Жаркент жұрты!
Бүгін еліміз үшін ерекше әрі тарихи күн. Осыға дейін айтылып келген Жаңа Қазақстанды құру үшін баршамыз ат салысып, ел болашағы үшін дауыс беретін күн.
Мен өзімнің конституциялық құқығым мен азаматтық борышым ретінде таңдауымды жасап, дауыс бердім.
Кезектен тыс президент сайлауы Әділетті Қазақстанды құруда жасалынып отырған маңызды қадам. Бұл біздің берекеміз бен бірлігімізді көрсететін саяси оқиға.
Ауданымызда 74 сайлау учаскесі сіздер үшін қызмет жасауда. Баршаңызды ел ертеңі мен өскелең ұрпақтың болашағы үшін қалыс қалмай, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» — дейді Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек.