Қазақстанға белгілі тележүргізуші, үшаралдық жерлесіміз Дәнеш Байболатов Жаркенттік жерлестерін саяси белсенді болуға шақырады.
«Жазиралы Жаркент өңірінен Қазақстанға белгілі талай тұлға шыққан киелі өңір. Қасиетті мекен. Менің жерлестерім тұтас мемлекеттің тағдыры сынға түсіп жатқан сындарлы шақта қол қусырып қарап отырады деп ойламаймын. Бәрі де сайлауға қатысып, өз президенттерін таңдайды. Оған кәміл сенемін. Президент сайлауы — арманымызды жүзеге асыратын мүмкіндік. Сондықтан дұрыс таңдау жасайық, ағайын!», – дейді танымал журналист.