Мен Қожахметова Күлиша Ахметқалиқызы зейнеткермін. Алайда еліміздегі болып жатқан саяси өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Өйткені біз де осы қоғамның мүшесіміз. Сондықтан да құрметті Қазақ елі, алдымызда ел іргесі биік, тұтас болуы үшін шешілер маңызды науқан тұр. Баршаңызды ауызбірлікпен сайлауды атсалысуға шақырамын. Әрқайсымыз жарқын болашақ үшін дауыс берейік. Мен өз таңдауымды жасадым!